|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы № 674 қаулысына ҚР Үкіметінің 2005.27.08. № 889 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы № 674 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 21, 236-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: кiрiспедегi "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын; 2-тармақтағы "осы қаулыда көзделген науқастардың түрлерiн, дәрiлердің тiзбесiн толықтыру және дәрi-дәрмектi және тұрғындардың жекелеген санаттарына арнаулы тағамды босату нормаларын ұлғайту" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн науқастар түрлерінің және амбулаториялық емдеу кезiнде дәрi-дәрмек пен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiк тегiн босатылатын халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн толықтыру" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң ережесiнде: мәтіндегі "Денсаулық сақтаудың аумақтық органдары", "аумақтық қаржы органдарымен", "аумақтық қаржы органдарына", "денсаулық сақтаудың аумақтық органдарымен" және "денсаулық сақтаудың аумақтық органдарына" деген сөздер тиiсiнше "Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары", "жергiлiктi атқарушы органдармен", "жергіліктi атқарушы органдарға", "денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергіліктi органдарымен" және "денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "амбулаториялық емдеу кезiнде дәрiгерлердің рецептерi бойынша дәрi-дәрмек, балаларға арналған және шипалы арнаулы тағамы тегiн босатылатын тұрғындардың жекелеген санаттарының 1-қосымшада санамаланған науқастары түрлерiнiң тізбесiне сәйкес," деген сөздер алынып тасталсын; 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "2. Дәрi-дәрмекпен және арнаулы азық-түлiкпен тегiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамада белгiленген тәртіппен азаматтарға, олардың тұрғылықты жерi бойынша дәрілік көмектің қол жетiмділiгiн қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, дәрi-дәрмек пен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiктi бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаларды (бұдан әрi берушi) таңдау жүзеге асырылады. 3. Дәрi-дәрмек пен арнаулы азық-түлiктi тегiн босатуды амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрi - медициналық ұйымдар) дәрiгерлерiнiң рецептерi бойынша берушілер жүзеге асырады."; 7-тармақтың екiншi абзацындағы "босатудың 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нормасы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын; 9-тармақтың бiрiншi абзацындағы "(ұқсас)" деген сөз алынып тасталсын; 13-тармақтағы "Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде алынған" деген сөздер "Дәрi-дәрмекпен және арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етуге бағытталған" деген сөздермен ауыстырылсын; Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған шипалы тағамдық арнаулы азық-түлікпен қамтамасыз етудiң ережесiне 1, 2-қосымшалар алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |