|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 және
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн: 1) «Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 263-құжат): тақырыбында, кiрiспесiнде және 1, 2-тармақтарда «(сырадан басқа)» деген сөздер алынып тасталсын; 2-тармақта «Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi» деген сөздер «Қаржы министрлiгінiң, Салық комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын; 3, 4-тармақтар алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялаудың тәртібінде: тақырыбында және мәтiнiнде «(сырадан басқа)» деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақтың екiншi абзацында «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың соңғы абзацының алдынан мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «ж) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды сыра импорттаушылар ұсынбайды.»; көрсетiлген Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларда 20-тармақтағы «министрлігі» деген сөз «министрлігінiң Салық комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) «Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат): 2, 3, 4-тармақтарда «(сырадан басқа)» деген сөздер алынып тасталсын; 4-тармақта «министрлігі» деген сөз «министрлігінiң Салық комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 5-қосымшада: «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын; мына: «Сусындарды өндiру кезiнде пайдаланылатын жұпар иістi заттардың негiзiндегi өнімдерден басқа, құрамдас спирттiк шала өнiмдер 2106 90 200 0» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Уытты сыра 2203 00». 2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |