<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарифты қалыптастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі № 572-II Қазақстан Республикасының Заңы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне кредиттік бюролардың
қызметі және кредиттік тарифты қалыптастыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі
№ 572-II Қазақстан Республикасының Заңы


Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; 2004 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне дәрілік заттар айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 158-бапта:

тақырыпта "немесе банк құпиясын" деген сөздер ", банк құпиясын, кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты" деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші абзацта "немесе банк құпиясы" деген сөздер "құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;

ескертудің 1-тармағында "немесе банк құпиясы" деген сөздер "құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) мынадай мазмұндағы 167-1-баппен толықтырылсын:

"167-1-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар

және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы

заңдарының талаптарын бұзу

1. Кредиттік бюроның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзуы -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ақпарат берушінің кредиттік тарихтың субъектісі туралы ақпаратты кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға беруі және (немесе) кредиттік есепті алушының ақпарат субъектісінің келісімінсіз кредиттік есепті беру туралы сауал беруі, сондай-ақ оны қате ресімдеу -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Ақпарат берушінің кредиттік тарих субъектісінен алған ақпаратты бұрмалауы -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерге айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) 541-баптың бірінші бөлігі "163," деген цифрдан кейін "167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) 573-баптың бірінші бөлігі "158-1," деген цифрдан кейін "167-1 (бірінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма төртінші абзацы "158," деген цифрдан кейін "167-1 (екінші және үшінші бөліктері)," деген сөздермен толықтырылсын.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат):

1) 10-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

"11) кредиттік бюроның қызметі.";

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) 15-бап мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:

"Кредиттік бюроға лицензия беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарында айқындалады.".

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар):

1) 34-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1-1. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кредиттік бюролардың деректер базасына қарыз алушы және жасалатын мәміле (қарыз операциясы) туралы мәліметтер, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпарат беруіне қарыз алушының жазбаша келісімінің болуы қарыз беру туралы шарт жасаудың міндетті талабы болып табылады.";

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) 50-бапта:

4-тармақтың бірінші бөлігінде "үшінші адамға" деген сөздер "кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес берілген қарыздар бойынша кредиттік бюроға," деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақтың д) тармақшасындағы "прокурордың санкциясымен" деген сөздер алып тасталсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

 

Н. Назарбаев