|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сайлау заңдары мәселелерi Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат): 1) 146-бапта: бiрiншi бөлiкте "кандидаттарды" деген сөз "кандидатты, партиялық тiзiмдердi" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi бөлiкте: б) тармағында "өзiнiң" деген сөзден кейiн "лауазымын немесе" деген сөздермен толықтырылсын; мемлекеттік тiлдегi мәтiн бойынша в) тармағындағы "жасалса -" деген сөзден кейiнгi сызықша алып тасталып, нүктелi үтiр қойылсын, мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын: "г) электрондық сайлау жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртібін бұзу жолымен жасалса, - "; бiрiншi абзацта: "Сайлау" деген сөздiң алдынан "1." деген цифрмен толықтырылсын; "бастамашы топтың немесе" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "2. Электрондық сайлау жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртібін бұзу жолымен жасалған дәл сол әрекеттер, - жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.". 2. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат): 1) 28-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "4) облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссияларының, сондай-ақ облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) референдум комиссияларының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) дау айтуы туралы азаматтық iстердi қарайды."; 2) 29-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ Орталық референдум комиссиясының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) дау айтуы туралы iстердi қарайды."; 3) 273-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмдерiндегi түзетулер қажеттiгi туралы сайлау комиссиясының шешiмiне шағым жасау туралы арыз келiп түскен күнi қаралуға тиiс."; 4) 274-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "1. Арыз негiздi деп танылған сот шешiмi бұзылған сайлау құқығын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.". 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; 2004 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне дәрiлiк заттар айналымы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 99-баптың екiншi абзацындағы "бестен", "онға", "жиырмадан" және "отызға" деген сөздер тиiсiнше "оннан", "он беске", "жиырма бестен" және "отыз беске" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) мынадай мазмұндағы 99-1-баппен толықтырылсын: "99-1-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кедергi келтiру Президенттiкке, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттарға, олардың сенім бiлдiрген адамдарына, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтiру - азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады."; тақырыбы және бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "100-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер тарату Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесiне ықпал ету мақсатында олардың абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау - "; екiншi абзацта "оннан", "он беске", "он бестен", "жиырма беске" және "жиырма бестен" деген сөздер тиiсiнше "он бестен", "жиырма беске" "жиырма бестен" "отыз беске" және "отыз бестен" деген сөздермен ауыстырылсын; тақырыбындағы "байқаушының" деген сөз "сенім бiлдiрiлген адамның және байқаушының" деген сөздермен ауыстырылсын; бiрiншi абзацтағы "депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттың сенім бiлдiрген адамының, байқаушының" деген сөздер "сайлаудағы кандидаттардың, саяси партиялардың сенім бiлдiрiлген адамдарының және байқаушылардың" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi абзацтағы "оннан" және "жиырма беске" деген сөздер тиiсiнше "он бестен" және "отыз беске" деген сөздермен ауыстырылсын; 5) мынадай мазмұндағы 102-1-баппен толықтырылсын: "102-1-бап. Сайлаушылар туралы дәйектемесiз деректер, сондай-ақ сайлаушылардың дәйектемесiз тiзiмдерiн беру 1. Лауазымды адамдардың жергiлiктi атқарушы органдарға сайлаушылардың тiзiмдерiн жасау үшiн сайлаушылар туралы дәйектемесiз деректер беруi - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Жергiлiктi атқарушы органдар лауазымды адамдарының тиiстi сайлау комиссиясына сайлаушылардың дәйектемесiз тiзiмдерiн беруi - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады."; 6) 103-баптың екiншi абзацындағы "оннан" және "жиырмаға" деген сөздер тиiсiнше "он бестен" және "жиырма беске" деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 105-баптың екiншi абзацындағы "оннан", "жиырма беске", "жиырма бестен" және "елуге" деген сөздер тиiсiнше "жиырмадан", "отызға", "отыздан" және "алпыс беске" деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 107-баптың екiншi абзацындағы "бестен" және "онға" деген сөздер тиiсiнше "оннан" және "он беске" деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 108-баптың екiншi абзацындағы "онға" және "елуге" деген сөздер тиiсiнше "он беске" және "елу беске" деген сөздермен ауыстырылсын; 10) мынадай мазмұндағы 108-1, 109-1, 110-1-баптармен толықтырылсын: "108-1-бап. Сайлау қорларынан бөлек, сайлау науқанын қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық көмек көрсету Кандидаттарға, партиялық тiзiмдер ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан бөлек қаржылық немесе өзге де материалдық көмек көрсету - азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады."; "109-1-бап. Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың жазбаша келісімiнсiз қызмет көрсетуi Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметiне байланысты олардың жазбаша келісімiнсiз қызмет көрсетуi - азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады."; "110-1-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау салу iсiн жүргiзу шарттарын бұзу 1. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарында көзделген қоғамдық пiкiрге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi жариялау тәртібін бұзу - азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе дауыс беруге арналған пунктте қоғамдық пiкiрге сұрау салу iсiн жүргiзу - азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады."; 11) 637-баптың бiрiншi бөлiгiнде "89-110" деген цифрлар "89-110-1" деген цифрлармен ауыстырылсын. 4. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 15 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жергiлiктi мемлекеттік басқару мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: "7-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актiсiне сәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткізу жолымен сайлау;". Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |