Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 3120
Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 1410 Жарлығы
ҚР Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуiне байланысты қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелердi қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегi № 3120 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) жоғарыда аталған Жарлықтың 1-тармағындағы және Жарлыққа қосымшаның бүкiл мәтiнi бойынша "Ереже" деген сөз "Ережелер" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) азаматтыққа байланысты мәселелердi қарау тәртібі туралы Ережелердiң 2-тармағының бiрiншi және екiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының азаматтығына Қазақстан Республикасының аумағында кемiнде бес жыл заңды негiзде тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемiнде үш жыл некеде тұрған адамдар қабылдана алады. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiм берiлген сәтте адамның тұру мерзiмi және некеде болу мерзiмi үзiлiссiз болуға тиiс.
Заңның 16-бабы 1) тармақшасының екiншi абзацында және 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар тұру мерзiмiне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдана алады.";
3) 3, 12 және l4-тармақтардағы "екi дана" деген сөздер алынып тасталсын;
4) 3-тармақтың екiншi абзацы мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Аталған құжаттардан басқа тарихи отаны ретiнде Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшiн қайта оралған адамдар оралман куәлiгін, шетел азаматына арналған тұру рұқсатын және шетел азаматтығынан бас тарту туралы өтiнiшiн тапсырады.";
5) 4-тармақ алынып тасталсын;
6) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг