ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 18 тамыздағы
"Құстардың жұқпалы ауруларын
алдын алу және жою шаралары
туралы ережелерін бекіту туралы"
№ 449 бұйрығымен бекітілген
Құстардың жұқпалы ларинготрахейтін алдыналу және жою шаралары туралы
ережесі
Осы Құстардың жұқпалы ларинготрахейтін алдын алу және жою шаралары туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және жүргізудің тәртібін анықтайды, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуы үшін міндетті болып табылады.
1. Жалпы ережелері
1. Жұқпалы ларинготрахеит (ЖЛТ) - жас және ересек тауықтарда, түйе тауықтарда, фазандарда жоғары тыныс алу жолдарының және көздерінің кілегей қабықтарының қабынуымен сипатталатын, контагиозды ауру. Ауру жоғары жіті, жіті және созылмалы түрде өтеді, жылдық мезгілі жоқ.
Аурудың қоздырғышы герпесвирустар туыстығына жатады. Індеттің көзіне ЖЛТ-пен ауырушы және ауырып жазылған құстар жатады. Үйректер, қаздар, цесаркалар, бөденелер патогенді вирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін. Вирустың негізгі таралу жолы - аэрогенді. Бұдан басқа, аурудың қоздырғышы сойылған ауру құстың шикі өнімдерімен, залалданған азықтармен, сумен, қызмет етуші мамандардың жұмыс киімдерімен, құрал-жабдықтармен таралады.
2. ЖЛТ диагнозы клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, эпизоотологиялық мәліметтерге және зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып қойылады.
2. ЖЛТ ауруын алдын алу шаралары
3. Құс фабрикаларын немесе құс фермаларын (бұдан әрі - Құс шаруашылығы) және басқа шаруашылық субъектілерін инфекцияның қоздырғышының таралуынан қорғау мақсатында, құс шаруашылығының басшылары және ветеринариялық мамандар осы Ереженің талаптарын қатаң сақтауға міндетті.
4. ЖЛТ-ті алдын алуға арналған қажетті шаралар: