ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
"Жануарлардың ауруларының
алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық іс-шараларды
жүзеге асыру жөніндегі
ережелерін бекіту туралы"
2004 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 493 бұйрығымен бекітілген
Кампилобактериоздың алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру туралы
Ереже
Осы, кампилобактериоздың алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларының ережесі (бұдан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес міндетті түрде орындауға тиісті тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Кампилобактериоз - ірі қара малдың және қойлардың іш тастауымен, қайталап күйлеуімен және бедеулікпен ерекшеленетін инфекциялық ауру.
Қоздырушысы Campylobacter тұқымдастығына жататын грамтеріс, үтір, орақ, ұшқан шағала, қысқа немесе ұзын спираль тәріздес бактериялар, спора және капсула түзбейді, қозғалмайды.
Қоздырушысы негізінен екі түрге бөлінеді: біріншісі ірі қара малға зардапты, ал екіншісі қойларға.
Жануарларға кампилобактериоз жанасу, алиментарлық және жыныс жолдары арқылы жұғады.
2. Кампилобактериоздың диагностикасы
2. Жануарлардың кампилобактериозын балау мақсатында клиникалық, эпизоотологиялық, серологиялық және бактериологиялық әдістер қолданылады. Диагноз қоюда тек қоздырушыны бөліп алу негіз бола алады, сондықтан бактериологиялық әдіс негізгі болып саналады.
Кампилобактериозға тексеру үшін қынап сұйығымен серологиялық реакциялар, агглютинация реакциясы қойылады және люминисценсиялық микроскопия әдісі қолданылады. Сонымен қатар қан сарысуымен агглютинация реакциясын қою әдісі, кеңінен қолданылады. Кампилобактериозға ірі қара малды тек қынап сұйығымен агглютинация реакциясымен, ал ірі қара малды және қойды люминисценсиялық микроскопия әдісімен тексереді.
3. Ауыл шаруашылық жануарларының кампилобактериозының
профилактикасы