ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
"Жануарлардың ауруларының
алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық іс-шараларды
жүзеге асыру жөніндегі
ережелерін бекіту туралы"
2004 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 493 бұйрығымен бекітілген
Қарасан ауруының алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру туралы
Ереже
Осы, қарасан ауруының алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларының ережесі (бұдан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес міндетті түрде орындауға тиісті тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қарасан - негізінен ірі қараның жіті өтетін, бұлшық еттерінің ісініп, оны басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұғымтал емес ауру. Ауруға негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сондай-ақ сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы бейім келеді.
Аурудың қоздырушысы - CIostridium chauvoei - нағыз анаэроб, аздап иілген полиморфты таяқша, қозғалмалы, өлекседе және қоректік ортада спора түзеді. Споралар топырақта 35 жылға дейін сақталады және ауруды тарататын негізгі фактор болып табылады.
2. Қарасанға диагноз індеттанулық деректер, клиникалық белгілер (сықырлайтын ісіну, дене қызуы, ақсау), патологоанатомиялық өзгерістер және зертханалық зерттеулер нәтижелерінің негізінде қойылады.
2. Қарасанның алдын алу шаралары
3. Қарасанның алдын алу мақсатында мынандай шаралар жүргізіледі:
1) мал қорымдарының санитарлық жағдайын жақсарту және оны қоршау жұмыстарын жүргізу. Қарасаннан өлген мал көмілген жерлердің топырағын залалсыздандыру;
2) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлерді құрғату;
3) суаттарды қалпына келтіру, мал су ішетін зақымданған, немесе күдікті суаттарды жабу;
4) мал союға, еріксізден сойылған мал етін және өнімдерін ветеринариялық маманның рұқсатынсыз сатуға тиым салу;