Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1172 қаулысымен бекітілді 2011 жылғы 3 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердiң Үкiметтерi, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Yкiметтерi басшылары Кеңесiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы шешiмiмен бекітілген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының ақпараттық кеңiстiгiн құру тұжырымдамасы негiзiнде және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери ынтымақтастығы туралы халықаралық қауымдастықты уақтылы және объективтi ақпараттандыру мақсатында, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң қарулы күштерi ақпараттық құрылымдары ынтымақтастығының қажеттiгiн ескере отырып, төмендегiлермен келiстi: Осы Келісімнiң мақсаты үшiн төменде көрсетiлген терминдер мыналарды бiлдiредi: ақпарат - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң әскери ынтымақтастығындағы қарулы күштер, адамдар, заттар, фактiлер, оқиғалар, құбылыстар мен процестер туралы ашық мәлiметтер; әскери ынтымақтастықты ақпараттық қамтамасыз ету - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң халықаралық қауымдастығын, мемлекеттік органдарын, халықтың және қарулы күштерiнiң жеке құрамын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери ынтымақтастық туралы, соның iшiнде бірлесiп өткiзген оқу-жаттығулар мен өзге де iс-шаралар, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы органдарының әскери-саяси ынтымақтастық мәселелерi туралы шешiмдерi туралы ақпараттандыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|