|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы 1-бап. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 17-18, 213-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 13-14, 171-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 10, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) бүкiл мәтiн бойынша «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның» деген сөздер тиiсiнше «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тараулардың тақырыптарындағы «I-XIX» деген цифрлар тиiсiнше «1-19» деген цифрлармен ауыстырылсын; жиырма бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: «өндiрiс қалдықтары - өнiмдердi шығару, өзге де технологиялық жұмыстарды орындау кезiнде пайда болған және, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң қалдықтарын қоса алғанда, тиiстi өндiрiсте қолдануға қажеттi бастапқы тұтыну қасиеттерiн толық немесе iшiнара жоғалтқан шикiзаттардың, материалдардың, химиялық қосылыстардың қалдықтары;"; мынадай мазмұндағы жиырма екiншi - отыз екiншi абзацтармен толықтырылсын: «коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар - адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар; қалдықтардың түрi - ортақ белгiлерi бар қалдықтардың жиынтығы; қалдықтардың қауiптiлiк сыныбы - адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсер ету дәрежесi бойынша анықталатын қалдықтардың зияндылық көрсеткiшi; аз қалдықты технология - өнiмдер бiрлiгiн шығару кезiнде осы өнiмдердi алудың қолданылып жүрген тәсiлдерiмен салыстырғанда қалдықтардың аз саны пайда болатын өнiмдердi шығару процесi; қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi - қалдықтардың қоршаған ортаға әсер етуiн ескере отырып, олардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және көмiлуiне байланысты сандық және сапалық шектеулер; қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және көмiлуiне байланысты қызметтiң барлық түрлерi; қалдықтарды орналастыру объектiсi - полигондар, күл-қоқыс сақтау орындары, қалдық сақтау орындары, кен жыныстарының үйiндiлерi мен қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған басқа да арнайы жабдықталған орындар; қауiптi қалдықтар - зиянды заттарды қамтитын және қауiптi қасиеттерi бар (уыттылық, жарылыс қаупi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi бар) не адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн жеке тұрғанда немесе басқа заттармен өзара әрекетке түскен кезде қауiп төндiруi мүмкiн қалдықтар; тұтыну қалдықтары - табиғи және моральдық тозу нәтижесiнде өзiнiң тұтынушылық қасиетiн толық немесе iшiнара жойған бұйымдар, материалдар мен заттар; қалдықтардың паспорты - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасын куәландыратын құжат; қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты iс жүзiне асыратын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы және оның аумақтық органдары;"; мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын: «қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;"; жетiншi абзац алып тасталсын; төртiншi абзац алып тасталсын; мынадай мазмұндағы оныншы және он бiрiншi абзацтармен толықтырылсын: «қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi мен қалдықтардың түрлерiн белгiлейдi және бекiтедi; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, қалдықтарды қауiптiлiк сыныбына жатқызу өлшемдерiн айқындайды;"; 6) 26-баптың жетiншi абзацындағы нүктелi үтiр алып тасталып, «болып табылады.»деген сөздермен толықтырылсын және осы баптың сегiзiншi абзацы алып тасталсын; 7) 27-баптың 2-тармағының үшiншi абзацы алып тасталсын; 8) 36-баптың бiрiншi бөлiгiнде қазақша мәтіндегі сегiзiншi абзацтағы «жатады» деген сөз алып тасталып, «нормативтерi» деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылсын және мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi жатады.»; 9) мынадай мазмұндағы 60-1, 60-2, 60-3 және 60-4-баптармен толықтырылсын: «60-1-бап. Қалдықтардың паспорты Өз қызметтерiнiң процесiнде қалдықтар пайда болатын жеке және заңды тұлғалар қалдықтардың паспортын жасауға тиiс, оның үлгiлiк нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды. 60-2-бап. Қалдықтар орналастырылатын объектiлерге қойылатын талаптар 1. Қалдықтар орналастырылатын объектiлер құрылысының орнын анықтау мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда арнайы (геологиялық, гидрологиялық және өзге) зерттеулер негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Жеке және заңды тұлғалар қалдықтарды орналастыру объектiлерiнiң аумақтарында және олардың қоршаған ортаға әсер етуi шегiнде қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзуге мiндеттi. 3. Жеке және заңды тұлғалар қалдықтарды орналастыру объектiлерiн пайдалануды аяқтағаннан кейiн олардың жай-күйiн және қоршаған ортаға әсерiн бақылауға және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға мiндеттi. 4. Елдi мекендердiң аумақтарында, орман саябақтары, курорт, емдеу-сауықтыру, рекреациялық, сондай-ақ су қорғау аймақтарында, ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын жерасты су объектiлерiнiң су жиналатын алаңдарында қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Пайдалы қазбалар жатқан жерлердiң ластану қаупi және кен жұмыстарын қауiпсiз жүргiзуге қауiп туындаған жағдайда пайдалы қазбалар жатқан жерлерде қалдықтарды көмуге және кен жұмыстарын жүргiзуге тыйым салынады. 60-3-бап. Қауiптi қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде қойылатын талаптар 1. Өз қызметтерiнiң процесiнде қауiптi қалдықтар пайда болатын жеке және заңды тұлғалар осы қалдықтарды қауiптiлiктiң нақты сыныбына жатқызуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен растауға мiндеттi. 2. Жеке және заңды тұлғалардың өз процесiнде қауiптi қалдықтар пайда болатын қызметтерi: 1) қалдықтармен жұмыс iстеудiң адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмеген кезде шектелуi; 2) адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соқтыратын қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптарды бiрнеше рет (eкi реттен көп) бұзған жағдайда тыйым салынуы мүмкiн. 60-4-бап. Қалдықтарды халықаралық тасымалдау Қалдықтарды халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында қалдықтарды әкелуге (әкетуге) бақылауды шекаралық, көлiктiк және кедендiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қамтамасыз етедi.»; 10) мынадай мазмұндағы 10-1-тараумен толықтырылсын: «10-1-тарау. Қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде қойылатын экологиялық талаптар 62-1-бап. Үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi жобалауға, салуға, қайта құруға, тоқтатып қоюға және жоюға қойылатын талаптар 1. Пайдалану процесiнде қалдықтар пайда болатын үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi жобалау, салу, қайта құру, тоқтатып қою және жою кезiнде жеке және заңды тұлғалар: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарында белгiленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды сақтауға; пайда болатын қалдықтарды пайдалану, залалсыздандыру, кәдеге жарату туралы нормативтiк-техникалық құжаттамасы бар болуға мiндеттi. 2. Пайдаланылуы қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi салуға, қайта құруға, тоқтатып қоюға және жоюға мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы сараптамалардың оң қорытындысы болған жағдайда жол берiледi. 3. Пайдаланылу процесiнде қалдықтар пайда болатын үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi жобалау кезiнде оларды жинау үшiн орын (алаң) қарастыру қажет. 62-2-бап. Yй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалану кезіндегі талаптар 1. Қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалану кезiнде жеке және заңды тұлғалар: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарында белгiленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды сақтауға; қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерiнiң жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен әзiрлеуге және оған бекiтуге ұсынуға; ең жаңа ғылыми-техникалық жетiстiктер негiзiнде аз қалдықты технологияларды енгiзуге; қалдықтар мен олар орналастырылатын объектiлерге түгендеу жүргiзуге; қалдықтарды орналастыру объектiлерiнiң аумақтарында қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзуге; қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты авариялардың алдын алу талаптарын сақтауға және оларды жою жөнiнде кезек күттiрмейтiн шаралар қолдануға; қоршаған ортаға, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiретiн немесе келтiруi мүмкiн қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде авариялар туындаған немесе қаупi төнген жағдайда, бұл туралы қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға дереу хабарлауға мiндеттi. 2. Қалдықтармен жұмыс iстеу адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауiптi әсер етуге әкеп соқтыратын үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалануға тыйым салынады. 62-3-бап. Елдi мекендердiң аумақтарында қалдықтармен жұмыс iстеуге қойылатын талаптар 1. Елдi мекендердiң аумақтары қалдықтардан үнемi тазартылып тұруға тиiс. 2. Елдi мекендердiң күтiп-ұсталуын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдарымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып қамтамасыз етедi. 62-4-бап. Қалдықтарды тасымалдауға қойылатын талаптар 1. Қалдықтарды тасымалдауға: 1) қалдықтардың паспорты; 2) қауiптi қалдықтарды тасымалдауға қойылатын қауiпсiздiк талаптарын сақтай отырып, арнайы жабдықталған және арнайы белгiлермен жабдықталған көлiк құралдары; 3) тасымалданатын қауiптi қалдықтардың санын, оларды тасымалдау мақсаты мен апаратын орнын көрсете отырып, қауiптi қалдықтарды тасымалдау құжаттары мен оларды беруге арналған құжаттар болған кезде жол берiледi. 2. Қауiптi қалдықтарды тасымалдаудың тәртібін, оның iшiнде тиеу-түсiру жұмыстарын орындауды, көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша айқындайды.»; 11) мынадай мазмұндағы 16-1-тараумен толықтырылсын: «16-1-тарау. Қалдықтармен жұмыс iстеудi бақылау 80-1-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттік бақылау 1. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 2. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттік бақылау: қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптардың орындалуын бақылауды; қалдықтарды халықаралық тасымалдауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды; қауiптi қалдықтармен жұмыс iстеу жөніндегі қызметтi жүзеге асыру шарттарының сақталуын бақылауды; қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды; қалдықтарды тасымалдау талаптары мен ережелерiнiң сақталуын бақылауды; қалдықтардың санын азайту және қалдықтарды қосымша шикiзат көзi ретiнде шаруашылық айналымға тарту жөніндегі iс-шаралардың орындалуын бақылауды; қалдықтармен жұмыс iстеу саласында ұсынылатын ақпараттың және қалдықтар туралы есептiлiктiң дұрыстығын бақылауды; Қазақстан Республикасының қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолданылуын бақылауды қамтиды. 3. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте шағым жасалына алады. 80-2-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеудi өндiрiстiк бақылау 1. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар өз қызметi барысында Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады. 2. Өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыру тәртібін қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар дербес әзiрлеп, бекiтедi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдарымен келiседi. 80-3-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы есепке алу және есептiлiк 1. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар пайда болған, пайдаланылған, залалсыздандырылған, басқа тұлғаларға берiлген немесе басқа тұлғалардан алынған, сондай-ақ орналастырылған қалдықтарды есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге мiндеттi. 2. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы есепке алуды жүргiзудiң тәртібін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi. 3. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және статистика салаларындағы уәкiлеттi органдармен келісім бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде есептiлiктi табыс етуге мiндеттi. 4. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар есепке алу материалдарын Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органы белгiлеген мерзiм бойы сақтауды қамтамасыз етедi. 80-4-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры 1. Қалдықтармен жұмыс iстеу кезіндегі мәлiметтердiң жүйесiн есепке алу мақсатында Қалдықтардың мемлекеттік кадастры жүргiзiледi. 2. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргiзудi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»; 12) 86-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгіндегі «қоршаған ортаны қорғау қорларына» деген сөздер «бюджетке» деген сөзбен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев Астана, 2004 ж. желтоқсанның 9-ы № 8-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |