ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 665 бұйрығымен бекітілді
Лептоспирозды алдын-алу және жою жөніндегі (2010.03.07. берілген өзгерістермен)
Осы Лептоспирозды алдын-алу және жою жөніндегі Ветеринариялық ереже (кейін - Ветеринариялық ереже) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 26-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде ветеринариялық шаралардың жүргізуін ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды. 1. Жалпы шаралар 1. Лептоспироз - үй жануарлары мен көптеген кәсіптік, жабайы аңдардың және адамның зооантропоноздық, табиғи-ошақтық жұқпалы ауруы. Лептоспирозбен мүйізді ірі қара, шошқа, жылқы, қой, бұғы, ит, түлкі және жануарлардың басқа түрлері ауырады. Лептоспироз індетінің қоздырғыштарын тарататындар екі топқа бөлінеді. Біріншісіне қоздырғыштың табиғаттағы негізгі иелері (резервуары) болып табылатын кеміргіштер мен жәндіктер жатады; екіншісіне - үй жануарлары (шошқа, мүйізді ірі қара, қой, ешкі, жылқы, ит), сонымен бірге антропургиялық (ауылшаруашылықтық) ошақты құрайтын терісі бағалы торда ұсталатын аңдар (түлкі, нутрия) жатады. 2. Лептоспироздың қоздырғышы - Leptoіpira туыстастығының микроорганизмі. Патогендік лептоспиралардың 202 серовары туыстық антигендік дәрежесіне қарай 23 серологиялық топқа біріктірілген. Індеттің негізгі таралу жолы - сумен, ал жанасу және тамақ (азық) арқылы маңызы аздау орын алады. Лептоспиратасығыш жануарлар лептоспираларды сыртқы ортаға несебімен шығарып, мал азығына, суға, жайылымға, топыраққа, төсенішке және басқа объектілерге жұқтырады. Құрғамаған шалшық сулар, тоғандар, батпақтар, ағысы аз өзендер, дымқыл топырақ - лептоспиралардың ағзалардан тыс сақталуына ең қолайлы жерлер болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|