Жоба Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 желтоқсандағы № 1428 қаулысымен қол қоюға келісім берiлдi Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетi мен Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитетi Жоғарғы қаржы бақылау органдары халықаралық ұйымының (ИНТОСАИ) мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Жоғарғы қаржы бақылау органдарының басшылары кеңесiнiң сессияларында қол жеткiзiлген уағдаластықтардың iске асырылуына маңызды мән бере отырып, өзара құрмет, сенiмдiлiк, тең құқықтық пен өзара тиiмдi ынтымақтастық қағидаттарын негiзге ала отырып, мемлекеттік қаржы бақылаудың тиiмдiлiгін арттыруға өзара ұмтылуды бiлдiре отырып, мыналар туралы уағдаласты: 1-бап Тараптар өз құзыреттерiнiң шеңберiнде мынадай негiзгi бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады: а) мемлекеттік қаржы бақылауды жүзеге асырудың әдiснамасы мен тәртібі саласында тәжiрибе алмасу; б) кадрларды кәсiби оқыту және олардың білiктілігiн арттыру саласында өзара iс-қимыл жасау; в) бiрлескен зерттеулер, семинарлар, конференциялар және жұмыс бабындағы кездесулер ұйымдастыру және өткізу; г) мемлекеттік қаржы бақылауды жүзеге асыру мәселелерiне жататын ұлттық заңнама кесiмдерiмен, кәсiби ақпаратпен және әдiстемелер алмасу. Тараптар өз құзыреттерiнiң шегiнде өзара қызығушылық танытатын басқа бағыттардағы ынтымақтастықты дамытады. 2-бап Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|