Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер
ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 95 Бұйрығымен күші жойылды
"Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. "Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тiркеу мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1998 жылғы 20 қазандағы № 114 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 624 тiркелген) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: кiрiспесiнде "Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күшi бар Жарлығын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта "Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiкке" деген сөздер "Тiркеу қызметi комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта "Әдiлет вице-министрi М.Қ.Уәйiсовке" деген сөздер "жетекшiлiк ететiн Әдiлет вице-министрiне" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тiркеу тәртібі туралы ережеде (бұдан әрi - Ереже): 1-тармақта: "Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк)" деген сөздер "Тiркеу қызметi комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет)" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақша алынып тасталсын; Ереженiң барлық мәтiндерi бойынша: "Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күшi бар Жарлығын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын" деген сөздермен ауыстырылсын; "Агенттiктiң", "Агенттiк" деген сөздер тиiстi септiктермен "Комитеттiң" деген сөзбен ауыстырылсын; Ережеге № 3 қосымшада: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|