|
|
|
Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885 қаулысы (ҚР Үкіметінің 21.08.01 ж. N 1095; 21.11.03 ж. N 1165 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды ҚР Үкіметінің 21.08.01 ж. N 1095 қаулысымен тақырыбы мен мәтіні өзгертілді "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ереже бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер 1. Осы Ережемен көлiк қызметiн көрсету рыногының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету, тұтынушылардың мүдделерiн қорғау, кеме шаруашылығы мен теңiз жүзулерi қауiпсiздiгiнiң, теңiз және өзен көлiгiн пайдалану кезiнде белгiленген санитарлық нормаларды сақтаудың ережелерiн қамтамасыз ету мақсатында мiндеттi лицензиялауға жататын жолаушылар мен жүктерді, қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтi мемлекеттiк лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледi. 2. Заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыратын теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүктерді, қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызмет лицензиялауға жатады. ҚР Үкіметінің 21.08.01 ж. N 1095 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Жолаушыларды немесе жүктерді, қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асырушы адамда лицензия, ал көлiк құралында осы қызметтiң түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын есеп құжаты болуы тиiс. Жүзбелi көлiк құралын (құралдарын) меншiк құқығында немесе заңдарда көзделген өзге негiздерде пайдалану керек. 4. Лицензияларды беру барлық адамдар үшiн осы лицензияның түрi үшiн белгiленген талаптарға жауап беретiн тең негiздер мен жағдайларда жүзеге асырылады. Лицензияларды басқа адамдарға беруге тыйым салынған. Жүзбелi көлiк құралдарын беру кезiнде лицензия жалға алушыға осы Ережеде көзделген тәртiппен берiледi. 5. Осы Ережеге сәйкес берiлген лицензия, онда теңiз және өзен құралында тасымалдау түрi көрсетiлген лицензиатқа рұқсат беру туралы куәландыратын ресми құжат болып табылады. 6. Шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияны, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары секiлдi әлi сондай жағдайларда және дәл сондай тәртiпте алады. II. Лицензияларды берудiң шарттары мен тәртiбi 7. Теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүктерді, қауiптi жүктерді тасымалдауға арналған лицензияны берудiң Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi (лицензиар) жүргiзедi. ҚР Үкіметінің 21.08.01 ж. N 1095 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Лицензиялардың мынадай түрлерi белгiленедi: жүктерді, қауiптi жүктерді тасымалдауға арналған - "Г"; қауiптi жүктерді тасымалдауға арналған - ҚЖ; бұлар лицензиардың айқындаған iс-әрекетiнiң аумақтық аясына қарай мынадай белгiлермен айырымдалады; бас - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға; уақытша - белгiлi бiр мерзiмге берiлетiн. 9. Лицензиялар бланкiлерiнiң нысанын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бекiтедi. 10. Суға батқан объектiлерден фарватердi құтқаруға және кеме шаруашылығының басқа да кедергiлерiне, табиғи зiлзалалардың қарсы тұруына, олардың зардаптарын жоюға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнайы заңдары мен нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудi талап ететiн өрттердiң, авариялар мен басқа да апаттардың, эпидемиялардың және эпизоотиялардың зардаптарын жоюға байланысты қызмет лицензиялауға жатпайды. 11. Заңды және жеке тұлғалар бiр мезгiлде теңiз және өзен көлiгiнде тасымалдау қызметiнiң бiрнеше түрiне арналған лицензияға ие бола алады. 12. Теңiзде және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүктерді, қауiптi жүктерді тасымалдаумен айналысу құқығына арналған лицензия, бiлiктiлiк деңгейi осы қызмет түрiнiң талаптарына сәйкес келетiн субъектiлерiне берiледi. 13. Лицензиялардың бланкiсiнiң бағалы қағаздар деңгейiндегiдей қорғаныс дәрежесi болады, қатаң есептiлiк құжаты болып табылады, есептiк сериясы мен нөмiрi болады. Лицензиялардың бланкiсiн әзiрлеу, есепке алу және сақтау лицензиарға жүктеледi. ҚР Үкіметінің 21.11.03 ж. N 1165 қаулысымен 14-тармақ толықтырылды 14. Лицензия алу үшiн заңды және жеке тұлғалар (өтiнiш берушiлер) лицензиарға мынадай құжаттарды табыс етедi: белгiленген үлгiдегi өтiнiш; лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжат; заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi; жеке адамның жеке басын куәландыратын құжат; лицензиаттың осы Ереженiң III бөлiмiнде көзделген талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар (жүзбелi көлiк құралдары болған кезде); көлiк құралының тұруы немесе жөнделуi үшiн базаның бар екендiгiн растайтын құжат, олар болмаған жағдайда - осы қызметтердi көрсететiн кәсiпорындармен жасалған шарттардың көшiрмесi (өзен көлiгi үшiн ол бар болған кезде); тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi. 15. Лицензиар ұсынылған мәлiметтердiң ақиқаттығына тексеру жүргiзуге құқылы. 16. Теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүктерді, қауiптi жүктерді тасымалдауға байланысты әрбiр жүзбелi құралда өзiнiң және экипаждық қызметтiң осы түрiне қойылатын бiлiктiлiк деңгейi мен талаптарына сәйкестiлiгiн растайтын есептiк құжаты болуы тиiс. Есептiк құжаты жоқ теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылармен жүктерді, қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асырушы жүзбелi көлiк құралын пайдалануға тыйым салынады. Әрбiр жүзбелi көлiк құралына арналған есептiк құжатты берудiң тәртiбi мен шарттарды лицензиар айқындайды. ҚР Үкіметінің 21.08.01 ж. N 1095 қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда 17. Лицензиялық алымның мөлшері мен оны төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленеді. Қызметтің тиiстi түрiмен айналысудың барлық кезеңіне лицензиялар беру лицензия беру сәтінде бір жолғы лицензиялық алым төлеумен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 21.08.01 ж. N 1095 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді 18. Лицензия беру туралы шешiм, өтiнiштi барлық қажеттi құжаттармен бiрге берген күннен бастап, айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшiн - он күн мерзімнен кешіктірілмей қабылданады. Лицензияны беруге бас тарту кезiнде өтiнiш берушiге лицензияны беру үшiн белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi. 19. Егер: субъектiлердiң осы санаты үшiн жолаушылар мен жүктерді, қауiптi жүктерді тасымалдау бойынша көлiк процесiн жүзеге асыруға тыйым салынған болса; осы Ереженiң 14-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар табыс етiлмеген болса; лицензия берiлгенi үшiн алым енгiзiлмеген болса; өтiнiш берушi лицензиат пен қызметтiң осы түрi үшiн белгiленген бiлiктiлiк талаптарына жауап бермесе; өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын соттың шешiмi болса лицензия берiлмейдi. Өтiнiш берушi аталған ескертпелердi жойған кезде, өтiнiш осы Ережеде көзделген тәртiппен қаралады. 20. Лицензия беруден: өтiнiш берушiге лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру құқығын берудiң орынсыздығы; лицензия талап етiлетiн iске не оны жүзеге асыруға арналған жұмыстарға (қызмет көрсетулерге) рыноктың молдығы; рынокта монопольдi жағдайды қамтамасыз ету; өтiнiш берушiнiң жеке басының сапасы мен iскерлiк беделiне күдiктер болуы себептерi бойынша, оның iшiнде бұрынғы сотталушылығы, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға бұрын салынған тыйымдар, бұрынғы лицензияны қайтып алу, егер бұл тыйым салулар мен қайтып алулар заңда белгiленген тәртiпке сәйкес өзiнiң қолданысын тоқтатқан (өтеген) болып саналса, себептерi бойынша бас тартуға тыйым салынады. 21. Егер лицензия белгiленген мерзiмдерде берiлмеген болса немесе бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз жасалса, ол заңда белгiленген тәртiппен шағым жасауға құқылы. 22. Лицензия: лицензия берiлген мерзiм аяқталған; лицензиялар қайтып алынған; азаматтық немесе заңды тұлғаның лицензия берiлген қызметi тоқтатылған; жүзеге асыруға лицензия берiлген iс-әрекет толық көлемде жасалған жағдайларда өзiнiң қолданысын тоқтатады. 23. Лицензия заңды тұлғаны қайта тiркеу кезiнде мерзiмiнiң аяғына дейiн сақталады. ҚР Үкіметінің 21.08.01 ж. N 1095 қаулысымен 24-тармақ өзгертілді 24. Егер заң кесiмдерiнде өзгеше көзделмесе, мынадай: лицензиат лицензиядағы лицензиялық және көлiктiк заңдар талаптарын атқармаған; сот лицензиатқа ол лицензиямен жүзеге асыруға арналған қызметтiң түрiмен айналысуға тыйым салған; лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаған жағдайларда лицензия сот тәртібімен қайтарылып алынуы мүмкін. 25. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып алты айға дейiн мерзiмге лицензияның қолданылуын заңдарда белгiленген тәртiппен тоқтата тұруға құқылы. 26. Лицензияның қолданысы тоқтатылған себептер жойылған соң, лицензия қайта басталады. ҚР Үкіметінің 21.08.01 ж. N 1095 қаулысымен 27-тармақ өзгертілді 27. Лицензияны қайта беру осы Ереженiң 14-тармағында көзделген жалпы негiздерде, одан айырылған соң жүргiзiледi. Лицензияны жоғалтқан кезде лицензиат көшірмесін алуға құқылы. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша он күннің ішінде лицензияның көшірмесін беруді жүргізеді. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейді. Лицензиясы бар жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бір ай мерзімде осы туралы лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетілсе) өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәліметтердi растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бiр айдың ішінде лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап 10 күннiң ішінде лицензияны қайта ресiмдейдi. Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетілген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым төленеді. 28. Лицензияның иесi осы тасымалдау қызметiн жүзеге асыру құқығын лицензияны алған күннен бастап алады. III. Теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүктерді, қауiптi жүктердi тасымалдаумен айналысушы субъектiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары 29. Теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүктерді, қауiптi жүктерді тасымалдау жөнiндегi лицензияланатын қызметтiң түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары жолаушылардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, тасымалданатын жүктiң сақталымын, кеме шаруашылығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға зиянды әсердi азайтуға, тасымалдаудың сапасын және көлiк құралдарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталуы тиiс. ҚР Үкіметінің 21.08.01 ж. N 1095 қаулысымен 30-тармақ өзгертілді 30. Теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүктерді, қауiптi жүктерді тасымалдаумен айналысушы субъектiлер мынадай бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болуы тиiс: жүзбелi көлiк құралдары экипажының тиiстi бiлiктi кадрлармен жинақталуын қамтамасыз ету (аттестация жүргiзудiң тәртiбi мен қажеттi бiлiмдердiң көлемiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiлейдi); санитарлық қадағалау органдарының жүзбелi көлiк құралдарының жолаушылар мен жүктерді, қауiптi жүктерді тасымалдауға жарамдылығы туралы қорытындысының болуы; мемлекеттiк кеме тiзілімін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның қорытындысы болуы; өтiнiш берушiнiң өндiрiстiк базасы кеме шаруашылығы мен экологияның қауiпсiздiк талаптарына жауап беруi тиiс. IV. Жауаптылық және бақылау 31. Теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүктерді, қауiптi жүктерді тиiстi лицензиясыз, не лицензиялық нормалар мен ережелердi бұза отырып тасымалдаумен айналысу заңдарда белгiленген әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. 32. Лицензияның иесi: қоғамның, қоршаған ортаның, азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, сондай-ақ тұтынушылар құқығының сапасы мен қорғалу кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн көлiк қызметтерiн жасаудың шарттарын сақтауға; Қазақстан Республикасының көлiк, салық және антимонопольдық заңдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушылары болып табылатын халықаралық келiсiмдер мен конвенциялардың ережелерiнiң талаптарын сақтауға; сақтандырудың мiндеттi түрлерiн қамтамасыз етуге; өзiнiң қызметiн лицензияда көрсетiлген шарттарда қатаң сәйкестiкте жүзеге асыруға; лицензиардың талап етуi бойынша лицензияланатын қызмет туралы мәлiметтердi беруге; лицензиарға өзiнiң ұйымдық-құқықтық нысанының өзгергенi туралы хабарлауға; жүзбелi көлiк құралдарына арналған есепке алу құжатының болуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 33. Лицензиялық тәртiп белгiленген теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүктерді, қауiптi жүктерді лицензиясыз жүзеге асырудан алынған қаражат лицензиардың ұсынуы бойынша тиiстi бюджеттiң кiрiсiне алынып қоюға жатады. 34. Лицензияның тоқтатылуына немесе тоқтатыла тұруына байланысты барлық даулар заңдарда белгiленген тәртiппен шешiледi. 35. Заңды және жеке тұлғалар ұсынған мәлiметтердiң ақиқаттығы үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады. ҚР Үкіметінің 21.08.01 ж. N 1095 қаулысымен 36-тармақ өзгертілді 36. Лицензиялық нормалармен шарттардың сақталуына бақылауды жүзеге асырудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiлейдi. Мемлекеттiк органдар (лицензиарлар) мен олардың лауазымды тұлғалары лицензиялау туралы заңнаманы бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң кесiмдерінде белгіленген жауапкершiлiкте болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |