|
|
|
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 27 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бухгалтерлiк есепке алудың 6 стандарты Негiзгi құралдарды есепке алу Мақсаты мен қолданылу өрiсi 1. Осы стандарттың мақсаты меншiк, шаруашылық тұрғысынан иелену немесе жедел басқару құқығында субъектiге тиесiлi негiзгi құралдарды есепке алудың әдiстемесiн айқындау болып табылады. 2. Негiзгi құралдарды есепке алудағы басты мәселелер оларды тану сәтiн, бастапқы құнын, пайдалы жұмыс iстеу мерзiмiн, амортизация есептеу тәртiбiн және олардың шығып қалуынан алынған нәтижелердi айқындау болып табылады. 3. Осы стандартты субъектiлер барлық негiзгi құралдарды, оның iшiнде ұзақ мерзiмге жалға алынған құралдарды есепке алу кезiнде қолданады, бұған бухгалтерлiк есепке алудың басқа стандартының шарттары бойынша негiзгi құралдарды есепке алудың басқа әдiстемесi қажет болатын немесе оны қолдануға рұқсат етiлетiн жағдайлар қосылмайды. Айқындамалар 4. Негiзгi құралдар - бұл материалдық өндiрiс саласында да, өндiрiстiк емес салада да ұзақ уақыт бойы (бiр жылдан астам) қолданылып жүрген материалдық активтер. 5. Бастапқы құн - бұл негiзгi құралдарды орнатуға немесе оларды сатып алуға нақты жұмсалған шығындардың, оның iшiнде төленбеген өтелiмсiз салықтар мен алымдардың құны, сондай-ақ жеткiзу, монтаждау, орнату, iске қосу жөнiндегi шығындар және активтi мақсатында пайдалану үшiн оны жұмыс жағдайына келтiруге тiкелей байланысты басқа да шығындар. 6. Ағымдағы құн - бұл негiзгi құралдардың белгiлi бiр күнi қолданылып жүрген нарықтық баға бойынша алынған құны. 7. Баланстық құн - бұл негiзгi құралдардың жинақталған амортизация сомасын шегерiп тастағандағы бастапқы немесе ағымдағы құны, актив есепке алуда және есептемеде сол бойынша көрсетiледi. 8. Өткiзу құны - бұл жақсы хабарлар және мәмiле жасауға әзiр тәуелсiз тараптардың арасындағы негiзгi құралдарды айырбастауға болатын құн. 9. Тарату құны - есептен шығару жөнiнде күтiлiп отырған шығындарды шегерiп тастағанда пайдалы қызмет мерзiмiнiң аяқ шенiнде негiзгi құралдарды тарату кезiнде пайда болатын қосалқы бөлшектердiң, темiр сынықтардың, қалдықтардың болжамды құны. 10. Тозым - бұл негiзгi құралдардың күш қуаты мен моральдық сипаттамаларын жоғалту процесi. 11. Амортизация - жұмыс iстеу мерзiмi бойынша активтiң амортизацияланатын құнын әлсiн-әлсiн бөлу түрiндегi тозымның құнмен көрсетiлуi. 12. Пайдалы қызмет мерзiмi - бұл негiзгi құралдарды пайдаланудан экономикалық пайда табу көзделiп отырған кезең. 13. Нормативтiк қызмет мерзiмi - бұл субъект белгiленген нормаларға сәйкес негiзгi құрал жабдықтарға тозым есептейтiн кезең. Негiзгi құралдарды есепке алу Бастапқы бағалау 14. Негiзгi құралдар ретiнде танылатын материалдық активтер бастапқы құны бойынша бағаланады. 15. Айырбас операцияларының нәтижесiнде алынған негiзгi құрал-жабдықтардың құны алынған негiзгi құралдардың ағымдағы құны бойынша өлшенедi, ол алынған (тапсырылған) ақша қаражаты сомасына түзету енгiзе отырып берiлген активтердiң ағымдағы құнына тең болады. 16. Қаржыландырылатын жал шартымен жалған алынған негiзгi құралдардың құны "Жалға берудi есепке алу" 17-бухгалтерлiк стандартқа сәйкес анықталады. Негiзгi құралдарды қайта бағалау 17. Қайта бағалау нәтижесiнде негiзгi құралдар есеп жүргiзу мен есептемеде ағымдағы құны бойынша көрсетiледi. 18. Қайталап бағалау жүргiзiлген күнге есептелген негiзгi құралдардың тозымы негiзгi құралдар құнының өзгеруiне тепе-тең мөлшерде түзетiлiп отырады. 19. Негiзгi құралдарды қайталап бағалау сомасы бухгалтерлiк баланстың "Меншiктi капитал" тарауында көрсетiледi. 20. Активтi пайдалану мөлшерiне қарай қайта бағалау сомасы бөлiнбеген кiрiске ауыстырылады. Қайта бағалаудың бүкiл сомасы оның есебiне қарамастан объектi шығып қалған сәтте ғана бөлiнбеген кiрiске қосылады. Амортизация есептеу 21. Амортизацияланатын құн бүкiл пайдалы қызмет мерзiмi немесе нормативтiк қызмет мерзiмi бойына субъектiнiң шығындарына аударылатын амортизациялық аударымдар түрiнде жүйелi түрде бөлiнiп отырады. 22. Амортизация есептеуде әртүрлi әдiстер қолданылады: 1) құнын бiркелкi (төте) есептен шығару; 2) құнын атқарылған жұмыстардың көлемiне тепе тең мөлшерде есептен шығару (өндiрiстiк әдiс); 3) жедел есептен шығару: қалдықты азайту; сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (кумулятивтiк әдiс). 23. Негiзгi құралдардың әртүрлi түрлерiне амортизация есептеудiң әртүрлi әдiстерiн қолдануға болады. Бұл ретте негiзгi құралдардың бiр түрiне бiр ғана әдiс қолдану керек. 24. Субъектiлер негiзгi құралдардың жай-күйiн жақсартатын және, демек, қызмет мерзiмiн ұзартатын бұдан былайғы шығындарды, сондай-ақ осы мерзiмдi қысқартатын технологиялық өзгерiстердi ескере отырып, негiзгi құрал-жабдықтардың пайдалы қызмет мерзiмiн қайта қарай алады. 25. Амортизация есептеудiң таңдап алынған әдiсi есеп саясаты арқылы айқындалып, бiр есеп беру кезеңiнен екiншiсiне дейiн дәйектi түрде қолданылып отырады. Амортизация есептеу әдiсi өзгерген жағдайда осы өзгерiстердi тудырған себептер ашып көрсетiлуi тиiс. Бұдан былайғы күрделi қаржы салымдары 26. Негiзгi құралдарға бөлiнген бұдан былайғы күрделi қаржы салымдары пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң басында бағаланған пайдаланудан түсетiн болашақ экономикалық пайданы арттырған жағдайда бастапқы құнды арттырады. Бұдан кейiнгi барлық басқа шығындар олар болған кездегi кезеңнiң шығысы ретiнде бағалануы керек. Өткiзу және өзге де есептен шығару 27. Негiзгi құралдар субъектiнiң балансынан: 1) жойылу; 2) өткiзу; 3) айырбастау; 4) тегiн беру нәтижесiнде есептен шығарылады. 28. Негiзгi құралдардың өткiзу құны мен баланстық құнының, сондай-ақ оларды өткiзуге жұмсалған шығындардың арасындағы айырма оларды өткiзуден немесе өзге де есептен шығарудан алынған табыс немесе келген залал болып табылады. Түгендеу 29. Негiзгi құралдардың нақты бар-жоғын анықтау және олардың күтiп сақталуын бақылау мақсатында субъектiлер қолданылып жүрген нормативтiк, құқықтық және өзге де актiлерге сәйкес негiзгi құралдарды ауық-ауық түгендеп тұрады. Ашылым 30. Қаржы есептемесi мынадай ақпаратты ашып көрсетуге тиiс: 1) негiзгi құралдардың қозғалысын есепке ала отырып, олардың әрбiр түрi бойынша есептi кезеңнiң бас кезiндегi және аяғындағы бастапқы құны туралы: iске қосу; шығып қалу; бастапқы құндағы өзгерiстер, өзгерiстердiң себептерi; 2) негiзгi құралдардың әрбiр түрi бойынша амортизация есептегенде: амортизация есептеуде пайдаланылған әдiс; амортизацияланатын негiзгi құралдардың есептi кезеңнiң бас кезiндегi және аяғындағы бастапқы немесе ағымдағы құны; есептi кезеңнiң бас кезiндегi және аяғындағы жинақталған амортизация сомасы; 3) қайта бағалау жүргiзген кезде: негiзгi құралдардың әрбiр түрiнiң есептi кезеңнiң бас кезiндегi және аяғындағы құны; қайта бағалаудың негiздемесi мен кезеңдiгi; қайта бағалаудың жүргiзiлген күнi; қайталап бағалауды жүргiзу әдiсi; сараптау бағасын берушi. 31. Бұған қоса қаржы есептемелерiн пайдаланушылар үшiн сондай-ақ есептi кезеңнiң аяғында мынадай ақпаратты ашып көрсету қажет: 1) уақытша пайдаланылмай отырған негiзгi құралдардың бастапқы және ағымдағы құны; 2) амортизация толық есептелген, бiрақ әлi де болса пайдаланылып отырған негiзгi құралдардың бастапқы немесе ағымдағы құны; 3) мiндеттемелер үшiн кепiлдiк ретiнде аманатқа берiлген негiзгi құралдардың бар жоғы және олар жөнiнде меншiк құқығына қойылатын шектеулер; 4) негiзгi құралдарды сатып алу жөнiнде өтелмеген мiндеттемелер; 5) есептi кезеңнiң аяғындағы аяқталмаған құрылыстың құны; 6) пайдаланудан шығып қалған, бiрақ оларды бұдан әрi өткiзу мақсатында негiзгi құралдардың жекелеген түрлерiнiң есептi кезеңнiң аяғындағы құны; 7) негiзгi құрал-жабдықтарды қалпына келтiруге жұмсалған шығындарға байланысты есеп жүргiзу саясаты. Күшiне ену мерзiмi 32. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |