|
|
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 31 наурыздағы N 329 қаулысы (ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093; 03.09.99 ж. N 1301; 20.12.00 ж. N 1865; 08.06.01 ж. N 777; 27.06.01 ж. N 883; 10.11.01 ж. N 1433; 28.12.01 ж. N 1755; 26.09.02 ж. N 1057; 11.10.02 ж. N 1116 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы N 261 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереже бекітілсін. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093; 20.12.00 ж. N 1865; 27.06.01 ж. N 883 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне алты, оның ішінде бір бірінші вице-министрі болуға рұқсат етілсін. ҚР Үкіметінің 03.09.99 ж. N 1301 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды 3. 4. Құпия. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 08.06.01 ж. N 777; 28.12.01 ж. N 1755; 26.09.02 ж. N 1057; 11.10.02 ж. N 1116 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі (бұдан әрi Министрлiк) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жүйесiне басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын, құқық қорғау қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысатын және iске асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлiктiң мынадай ведомствосы бар: Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Жол полициясы комитеті, Iшкi әскерлер комитетi. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Министрлік мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. Министрліктің, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті күші болатын, бұйрықтар шығарады. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда; 5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 473040, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Манас көшесі, 4. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда; 7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының 1шкi iстер министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Министрлік туралы ереже оның құрылтай құжаты болып табылады. 9. Министрліктің жалауы, туы және рәмізі болады. 10. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау нысанасына шарттық қатынастарға кіруге тыйым салынады. Егер Министрлікке заң актілерінде кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке бағытталады. 2. Министрліктің функциялары, негізгі міндеттері және құқықтары ҚР Үкіметінің 10.11.01 ж. N 1433 қаулысымен 11-тармақ толықтырылды; ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді 11. Министрлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары жүйесіне жалпы басшылықты, оларды жедел басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 2) ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерді іске асыруға тікелей қатысады, оларды төмен тұрған ішкі істер органдарының орындауын бақылайды, азаматтардың қауіпсіздігін босаңсытатын факторларды жоюға бағытталған шараларды жүзеге асырады; 3) жедел жағдайдың жай-күйі мен болжамын ескере отырып, ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін зерделейді және осы қызметті жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлейді; 4) стратегиялық жоспарларды әзірлеуге қатысады, іс-шаралардың тактикалық жоспарларын, сондай-ақ өзіне бағынысты органдар мен бөлімшелерінің, оның ішінде құрылымдық қызметін реттейтін актілерді әзірлейді; 5) өз құзыретінің шегінде ішкі істер органдары мен оның барлық буындарының құрылымын әзірлейді, оны жетілдіреді; 6) ішкі істер органдарының кадрларын іріктеуді, орналастыруды, оқытуды және тәрбиелеуді ұйымдастырады, Ішкі істер министрлігі оқу орындарының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етеді; 7) ішкі істер органдары қызметінің өзекті бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуді ұйымдастырады; 8) арнаулы есептерді қалыптастырады, есепке алынған адамдардың тәртібін бақылауды ұйымдастырады, арнаулы, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуды және өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 9) ішкі істер органдарына әлеуметтік дамыту, қызметкерлер мен ішкі әскерлер әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ зейнеткерлерге медициналық, санаторийлық-курорттық, сауықтыру қызметін көрсетулерді, тұрғын үй, өндірістік-шаруашылық және тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады; 10) өндірістік, әлеуметтік-тұрмыстық, әскери мақсаттағы объектілер мен тұрғын үйлер салуды жүзеге асырады; 11) бөлінген материалдық ресурстар мен бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, олар бойынша есеп жүргізу мен есеп беруді, сондай-ақ ішкі істер органдарының қаржы-шаруашылық қызметін ведомствоішілік бақылауды жүзеге асырады; 12) 13) ішкі істер органдарының қорғаныстық-жұмылдырушылық даярлығын ұйымдастырады, бейбіт уақытта және соғыс уақыты жағдайында төтенше жағдайлар пайда болған кезінде олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, Министрліктің арнаулы бөлімшелерінің толық және дер кезінде жұмылдырылуға тұрақты даярлығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады; 14) республикадағы қоғамдық тәртіп мен қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі және оларды нығайту жөнінде ішкі істер органдары қабылдаған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметін, мүдделі мемлекеттік органдарды хабарландырып отырады; 15) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, ішкі істер органдарын ұйымдық-штаттық, кадрлық және материалдық-техникалық нығайту мәселелері жөнінде ұсыныс енгізеді; 16) заңдармен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүргізуіне жатқызылған өзге де функцияларды жүзеге асырады; 17) Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiн бақылауды жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді 12. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, оның ішінде төтенше және соғыс жағдайларында қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу мен тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру, iшкi iстер органдарының тергеу изоляторларында жазаларын өтеп жатқан, шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшiн қалдырылған адамдарға қатысты қылмыстық жазалау мен әкімшілік жаза қолдануларды орындау, мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамаудағылар мен сотталғандарды күзетпен алып жүру, терроршылдық актілерінің жолын кесуге қатысу, кепілдікке алынғандарды босату жөнінде тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру; 2) республикадағы оперативтік жағдайды талдау және болжау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жөнінде шешімдер әзірлеу, ішкі істер органдарының араласуын талап ететін төтенше жағдайларға жедел ден қою шараларын әзірлеу және оны қолдану; 3) қылмысқа қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындауға қатысу; 4) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша жалпыреспубликалық және аймақтық жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларын жүргізу жөніндегі ұйымдастырушылық басшылық, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалану жөнінде оңтайлы шешімдер әзірлеу, бағынысты органдар мен бөлімшелерге практикалық және әдістемелік көмектер көрсету, оң жұмыс тәжірибелерін қорыту және тарату; 5) өз құзыретінің шегінде ішкі істер органдарының құрылымын жетілдіру, оны оңтайландыру, ішкі істер органдарының қызметтері мен бөлімшелерінің арасында және өзге де құқық қорғау органдарымен, министрліктермен және ведомстволармен өзара іс-қимылын жақсарту жөнінде шаралар әзірлеу; 6) өз құзыретінің шегінде ішкі істер органдарының қызметін материалдық-техникалық, қаржылық, кадрлық, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету; 7) Министрлікке Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүктелінген өзге де міндеттерді орындау. ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді 13. Министрліктің өз құзыретінің шегінде заңдарда белгіленген тәртіппен: 1) құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапкершілікке тартуға; 2) тиісінше заңды тұлғалар немесе жеке адамдардың орындауы үшін міндетті ұйғарымдамалар, ұсынымдар және ұсыныстар беруге, нормативтік құқықтық актілер шығаруға; 3) iшкi iстер органдарының тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторлары мен оларға шектес аумақтарда режимдік талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; 4) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан мәліметтер сұратуға және алуға; 5) лицензиялауды жүзеге асыруға; 6) Үкіметке ішкі істер органдарын, ішкі істердің мемлекеттік кәсіпорындары мен мекемелерін, оқу орындарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізуге; 7) Қазақстан Республикасының құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мәселелері және ішкі істер органдарының қызметіне қатысты басқа да мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға; 8) ведомстволардың бірінші басшыларынан басқа, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын тағайындауға; 9) қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау мәселелері жөніндегі халықаралық кездесулерде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге, берілген өкілеттіктерінің шегінде халықаралық келісімдер жасауға; 10) заң актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа да құқықтарды іске асыруға құқығы бар. 3. Министрліктің мүлкі 14. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Министрліктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады. 15. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады. 16. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Министрлікке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүліктерге билік ету құқығы берілуі мүмкін. 4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру 17. Министрлікті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі - Ішкі әскерлердің қолбасшысы (бұдан әрі - Министр) басқарады. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдің, оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші, болады. 18. Министр өз құзыретінің шегінде шешім қабылдауда дербес және Министрліктің қызметі үшін жеке жауап береді. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен 19-тармақ толықтырылды 19. Осы мақсаттарда Министр мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады: 1) Министрліктің қызметіне басшылықты жүзеге асырады және ішкі әскерлерге қолбасылық етеді; 2) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарында және халықаралық қатынастарда Министрлік пен ішкі әскерлерді білдіреді; 2-1) Министрлiктiң құрылымын бекiтедi; 3) өз орынбасарларының, сондай-ақ Министрліктің Департаменттері мен өзге де құрылымдық бөлімшелері бастықтарының міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды, жауапкершілік дәрежесін белгілейді; 4) Ішкі істер министрлігінің атынан ішкі істер органдарының орындауы міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде - өзге де мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауына міндетті актілер шығарады; 5) ведомстволардың бірінші басшыларынан басқа, өз номенклатурасы бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметке тағайындауды және босатуды жүргізеді; 6) азаматтарды Ішкі істер министрлігінің кадрына тіркейді, оларға бастапқы және полиция полковнигіне, ішкі қызмет полковнигіне дейін, одан кейінгі арнаулы атақтар, сондай-ақ Министрлік пен ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне-қоса алғанда полковникке дейін, әскери атақтар береді; 7) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары басшы құрамға арнаулы атақтар және жоғары әскери атақтар беру туралы ұсыныс енгізеді; 8) ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін көтермелейді және әкімшілік тәртіппен жазалайды, оларды мемлекеттік наградалармен марапаттауға және Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беруге ұсынады; 9) өз құзыретінің шегінде заңдарға сәйкес ішкі істер органдары мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді; 10) өз құзыретінің шегінде заңдарға сәйкес ішкі істер органдарының бөлімшелерін құрады және таратады, олардың құрылымын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті пен бөлінген қаржының шегіндегі еңбекақы қорының шегінде штат санын белгілейді; 11) республикалық бюджеттен бөлінген қаржының шегінде ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерді ұстауға арналған қаржы қаражатын бөледі; 12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. N 1093 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда 20. Министрлiкте Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi. 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату 21. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |