|
|
|
Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды интеграциялау жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 14 ақпан N 236 Осы редакция ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Алуан түрлі және көп функциональды білім ұйымдарын тиімді дамыту, білім мен ғылымды интеграциялаудың базасында жоғары білікті мамандарды даярлаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) қосу жолымен: "Нарықтық қатынастар институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына; "Оқу-ғылыми физикалық-технологиялық орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына; "Аймақтық экономика проблемалары ғылыми-зертеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына; "Мемлекеттік қаржы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына; "Қостанай ауыл шаруашылығы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына; "Мектеп жиһаздарын жасау және жөндеу жөніндегі республикалық бірлестік" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Қазақбілімжабдықтау ҚБЖ" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына; 2) біріктіру жолымен: "Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институты", "Батыс Қазақстан аграрлық университеті", "А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары "Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын); "Қазақ мемлекеттік көркем-сурет академиясы" және "Т. Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр және кино институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары "Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын); "Қазақ мемлекеттік заң университеті" және "Мемлекет және құқық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын) қайта ұйымдастырылсын. 2. Кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы: 1) қоғамның жоғары білімді мамандарға сұранысын қанағаттандыру; 2) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу және олардың нәтижелерін практикаға енгізу болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және оларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі" бөліміндегі реттік нөмірлері 9-50, 9-64-жолдар алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі" бөліміндегі реттік нөмірлері 470-66, 470-87, 470-88, 470-107, 470-111, 470-112, 470-113, 470-117, 470-118, 470-122, 470-130-жолдар алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 470-137, 470-138, 470-139-жолдармен толықтырылсын: "470-137 Батыс Қазақстан мемлекеттік Батыс Қазақстан облысы, университеті" қазыналық кәсіпорны Орал қаласы 470-138 "Қазақ мемлекеттік заң Алматы облысы, Алматы академиясы" қазыналық кәсіпорны қаласы 470-139"Т. Жүргенов атындағы Алматы облысы, Алматы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы" қаласы"; қазыналық кәсіпорны 2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: реттік нөмірлері 17, 36, 57, 58, 157, 179, 183, 184, 185, 189, 193, 194, 203-жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 157-3, 157-4, 157-5-жолдармен толықтырылсын: "157-3 Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті; 157-4 Қазақ мемлекеттік заң академиясы; 157-5 Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы"; 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |