|
|
|
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 19 сәуір N 604 Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналар қайта құру жолымен: Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Күләш Байсейiтова атындағы республикалық музыкалық колледжi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны - "Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме); Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Жетiлуiнде проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны - "Жетiлуiнде проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Рсспубликасының Қаржы министрлiгi 2000 жылға арналған республикалық бюджетте 31 "Дарынды балаларды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының 36 "Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты" кiшi бағдарламасы бойынша және 44 "Арнайы бiлiм бағдарламаларын жүзеге асыру" бағдарламасының 30 "Жетiлуiнде проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде мекемелердiң қаржыландырылуын белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн; 2) мекемелердiң әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi" бөлiмiнде реттiк нөмiрлерi 9-40, 9-46-жолдары алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" бөлiмiнде реттiк нөмiрi 409-3 "Қазақтелерадиосы" теледидар, радиохабар және радиобайланыс республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны" жолында "409-3" саны "409-4" санымен ауыстырылсын. 2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж, N 51, 504-құжат) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: 1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" бөлiмiнде реттiк нөмiрлерi 6, 15-жолдар алынып тасталсын; 2. "Мемлекеттiк мекемелер" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 167-2, 167-3-жолдармен толықтырылсын: "167-2 Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты 167-3. Жетiлуiнде проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы". 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |