|
|
|
Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 70 Қаулысы Осы редакция ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүддесін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді: 1. Екінші деңгейдегі банктер үшін резервтік капиталдың ең аз мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 218 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің банк активтері мен баланстан тыс талаптарды жіктеуі және олар бойынша провизияларды есептеуі туралы" ережеге (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 15 қыркүйектегі N 351, 1997 жылғы 15 қазандағы N 375 қаулыларымен бекітілген өзгерістері мен толықтыруларына) сәйкес жіктеуге жатпайтын банк активтері көлемінің кем дегенде 5 проценті сомасында белгіленсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгiзiлсiн. 3. Банктердi қадағалау департаментi (Мекішев А. А.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң облыстық филиалдарына және екiнші деңгейдегi банктерге жiберсiн. 4. Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасы осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін. Ұлттық Банк Төрағасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |