|
|
|
Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 3 шілдедегі N 1006 қаулысы (ҚР Үкіметінің 04.12.00 ж. N 1804; 22.11.01 ж. N 1503; 28.12.01 ж. N 1755; 22.10.02 ж. N 1138 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. N 100 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды ҚР Үкіметінің 04.12.00 ж. N 1804 қаулысымен тақырыбы мен мәтініндегі сөздер өзгертілді Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің қару мен әскери техниканы пайдалануын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесі бекітілсін. 2. Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілер арасында қару мен әскери техниканы беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылады деп белгіленсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі N 1006 қаулысына қосымша ҚР Үкіметінің 04.12.00 ж. N 1804; 22.11.01 ж. N 1503; 28.12.01 ж. N 1755 22.10.02 ж. N 1138 қаулысымен Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесі 1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 4. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі 5. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі 6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі 7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы 8. Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі 9. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi 10. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |