|
|
|
"Тағам институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 10 шілде N 1043 Осы редакция ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Республикалық меншiктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Тағам институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қайта құру жолымен жарғылық капиталындағы мемлекеттiң жүз пайыздық акциялар пакетiмен "Қазақстан Республикасының тағам институты" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Тағам институты" ЖАҚ) қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) "Тағам институты" ЖАҚ қызметiнiң мәнi: салауатты өмiр салты мен дұрыс тамақтанудың медициналық-биологиялық және әлеуметтiк проблемалары бойынша iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi жүргiзу; тамақтану дәрежесiн бағалау және халықтың әр жастағы жыныстық, әлеуметтiк және кәсiптiк топтарына арналған негізгі тағамдық өнiмдер мен олардың құрамдас бөлiктерiндегi физиологиялық қажеттiлiктердiң нормаларын әзiрлеу; тағамдардың арнайы емдiк-профилактикалық өнiмдерi мен балалар тағамдары өнiмдерiн, асқа салынатын биологиялық белсендi қосындыларды әзiрлеу деп көздей отырып, оның жарғысын бекiтсiн; 2) "Тағам институты" ЖАҚ-ын мемлекеттiк тiркеуден кейiн, белгiленген тәртiппен, шығарылған жарғылық капиталдың жалпы көлемiнің 25 пайызы мөлшерiнен кем емес сомаға акциялардың қосымша эмиссияларын шығару жолымен, оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың қосымша эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекiтiлген Республикалық меншiктегi жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-техникалық саладағы ұйымдарды акционерлiк қоғамдарға қайта ұйымдастыру ережелерiмен сәйкес келтiрсiн; 3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген шаралар орындалғаннан кейiн, мемлекеттiк акциялар пакетiн 50 пайыз мөлшерiнде сатуды жүзеге асырсын; 4) "Тағам институты" ЖАҚ акцияларының мемлекеттiк пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне берсiн; 5) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар тiзбесiндегi: "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 470-58-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ереже" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiндегi: "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" бөлiмiндегі реттік нөмiрi 28-жол алынып тасталсын; 3) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулыға 2-қосымшадағы: "Алматы қ." бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-6-жолмен толықтырылсын: "123-6. Тағам институты" ЖАҚ". 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |