|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2000 жылғы 23 тамыздағы N 1295 қаулысы ҚР Үкіметінің 29.03.01 ж. N 411 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi" бөлiмi мен реттiк нөмiрi 413-жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 106-3-жолмен толықтырылсын: "106-3. "Қазпатент" патенттер мен тауарлық белгiлер жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (шаруашылық жүргiзу құқығында) Алматы қаласы". 2) ҚР Үкіметінің 29.03.01 ж. N 411 қаулысымен күшi жойылды 3) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы ережеде: 11-тармақ мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын: "өнеркәсiптiк меншiк құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;"; 12-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: "9) өнеркәсiптiк меншiк құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласында: өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, тауарлар мен қызметтердi даралау құралдарын, лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру және қорғау құжаттарын беру өнеркәсiптiк меншiк құқықтары объектiлерiне Мемлекеттiк тiзiлiмдердiң жүргiзiлуiн қамтамасыз ету; өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi туралы ақпараттың жариялануын қамтамасыз ету.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Прмеьер-Министрінің бірінші орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |