|
|
|
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 4 қыркүйек N 1140 Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 8 қаңтардағы N 18 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 86-бабына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшері бекітілсін. 2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеуден алынған қаражат белгіленген тәртіппен бюджеттің кіріс жіктемесінің тиісті кодына аударуға жатады. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Қазақ ССР-дегі аңшылық шаруашылығы туралы ережені бекіту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советінің 1978 жылғы 8 қыркүйектегі N 353 қаулысына (Қазақ ССР ҚЖ, 1978 ж., N 19, 70-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақ ССР-дегі аңшылық шаруашылығы туралы ережеде: 38-тармақ алынып тасталсын; 2) "Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 26 наурыздағы N 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 13, 210-құжат): 2-тармақта "қосымшаға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға қосымша алынып тасталсын; 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі N 1140 қаулысымен бекітілген Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу ставкаларының мөлшері ___________________________________________________________________________ N Жабайы хайуанның атауы Әрбір дарағы, әрбір р/с килограммы үшін зиянды өтеу ставкасының мол мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) ___________________________________________________________________________ 1 2 3 ___________________________________________________________________________ Жердегі сүт қоректілер 1 Құлжа* (арғалы, арқар, үстірт қойы) 1500 2 Ілбіс* 2000 3 Борсық 10 4 Тиін 5 5 Құндыз 15 6 Қызыл қасқыр* 600 7 Орта азия кәмшаты* 400 8 Терістік кәмшаты 10 9 Сусары* 10 10 Қабылан* 2000 11 Ақкіс 10 12 Қарақұйрық* 400 13 Үнді жайрасы* 200 14 Қара кірпі 200 15 Қоян (ақ қоян, толай, ор қоян) 5 16 Доңыз 200 17 Құдыр 200 18 Қарақал* 600 19 Құндыз жарғанаты* 100 20 Сібір тау текесі 150 21 Сасық күзен 10 22 Қарсақ 5 23 Елік 100 24 Шағыл мысығы* 200 25 Ала аяқ мәлін 5 26 Түрікмен құланы* 2000 27 Ақтөс және орман сусарысы* 200 28 Ақ құлақ 10 29 Түлкі 5 30 Бұлан 200 31 Сабаншы* 300 32 Қоңыр аю 200 33 Тян-шань қоңыр аюы* 700 34 Балжегіш аю* 600 35 Американ күзені 10 36 Еуропа күзені* 600 37 Теңбіл бұғы* 700 38 Бұғылар (теңбіл бұғыдан басқасы) 200 39 Су тышқан 5 40 Шұбар күзен* 200 41 Ала жертесер* 100 42 Құну 100 43 Түркістан сілеусіні* 200 44 Сілеусін (Түркістан сілеусінінен басқа) 20 45 Жолман 200 46 Серке киік 200 47 Ұрғашы киік, төлі 150 48 Бүрме ерінді жарқанат* 200 49 Үлкен көртышқан* 200 50 Жанат текті ит 10 51 Бұлғын 40 52 Саршұнақ 5 53 Суырлар (байбақ, қызғылт, сұр) 10 54 Мензбир суыры* 400 55 Балпақ-зорман 5 56 Сасық күзен 5 57 Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына 100 енгізілген сүтқоректілердің басқа да түрлері 58 Сүтқоректілердің басқа да түрлері 5 Құстар 59 Қара ләйлек* 200 60 Үлкен, кіші суқұзғын 1 61 Ителгі* 700 62 Бүркіт* 400 63 Сақалтай* 400 64 Тарбақ шырғалақ* 200 65 Тарбақ (үлкен және кіші) 5 66 Үлкен және кіші әупілдек 5 67 Қызыл және қара мамыққаз 10 68 Саңырау құр 10 69 Құр 5 70 Күшіген (тазқара, ақбас, гималайлық күшіген) 10 71 Қаздар (қутұмсық қаздан өзгесі) 5 72 Қутұмсық қаз* 600 73 Тұрымтай 5 74 Жек дуадақ* 700 75 Дуадақ* 700 76 Ақбас тырна* 100 77 Сұр тырна* 200 78 Жыланжегіш қыран* 400 79 Қызыл жемсаулы қараша қаз* 200 80 Жамансары (кәдімгі, обалық, жүнаяқ, қысқы 10 жамансары) 81 Қарабай* 100 82 Бақылдауық 5 83 Кекілік 5 84 Қалбағай* 200 85 Сұнқар* 200 86 Тарғақ* 400 87 Шалшықшы (кішісі және сүйір тұмсықтысы)* 200 88 Шалшықшы (ірі және орта) 5 89 Құмай* 100 90 Шіл 5 91 Сұңқылдақ аққу, кішісі* 400 92 Сыбырлақ аққу 50 93 Құладын (батпақ құладынынан басқасы) 5 94 Қасқалдақ 1 95 Шыбыншы торғай* 100 96 Бақалтақ қыран* 100 97 Дала қыраны* 20 98 Жыртқыш қыран 20 99 Аққұйрық субүркіт*, кезқұйрық субүркіт* 400 100 Қызғылт бірқазан*, бұйра бірқазан* 400 101 Бөдене 1 102 Ақ құйрық қызғыш* 200 103 Сұқсыр 1 104 Шанқылдақ қыран 10 105 Көкқұс* 100 106 Ақбауыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық 200 107 Қарабауыр шіл 1 108 Убақ* 100 109 Лашын* 600 110 Балықшы тұйғын 600 111 Жапалақ, байғыз (үкіден өзгесі) 2 112 Ақ тырна* 700 113 Алтай ұлары* 200 114 Гималай ұлары 10 115 Үйректер (Қазақстан Республикасының Қызыл 1 кітабына енгізілгенінен басқасы) 116 Қырғауыл 2 117 Үкі* 200 118 Қоқиқаз* 400 119 Дара шағала* 200 120 Бидайық* 700 121 Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына 100 енгізілген құстардың басқа да түрлері 122 Басқа да құс түрлері 5 Бауырымен жорғалаушылар 123 Сұр кесіртке* 20 124 Сары қыран кесіртке* 1 125 Шұбар батбат* 1 126 Сары қыран әбжылан* 1 127 Әбжыландар (қызылжолақты, жолақты және 1 төртжолақтылар) 128 Қара шұбар жылан, сарыбас жыландар, құмжыландар 1 129 Улы сұр жыландар 1 130 Қалқантұмсық жылан 2 131 Тасбақалар 2 132 Бауырымен жорғалаушылардың ғылыми және 1 ағартушылық маңызы бар басқа да түрлері Құс мекенділер 133 Жетісу бақатісі* 100 134 Қосмекенділердің ғылыми маңызы бар басқа да 1 түрлері Жәндіктер 135 Қазақстан Республикасы: қызыл кітабына 3 енгізілген қоңыздар мен көбелектер 136 Ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа 0,5 қоңыздар мен көбелектер 137 Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына 3 енгізілген жарғаққанаттылар 138 Жабайы аралар (ұясы үшін) 0,5 139 Жәндіктердің ғылыми және коллекциялық маңызы 0,5 бар басқа да түрлері Өрмекші тектілер 140 Қарақұрттар, шаяндар, эрезустер, тарантулдар, 0,2 аргиопалар мен өрмекші тектілердің ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа да улы түрлері Балық, теңіз сүтқоректілері және су омыртқасыздарының түрлері 141 Сырдариялық жауырындық*, шортан тектес ақмарқа*, 100 каспий және арал албырты*, ақбалы сылан*, аққайран*, арал және түркістан қаязы*, шармайы*, каспий жыланбалық*, таймень**, балқаш алабұғасы - балқаш және іле таралымы, пілмай* - арал және іле таралымы 142 Қортпа, уылдырықты пілмай (әрбір кг үшін) 7 143 Қортпа, пілмай қысыры (әрбір килограмм үшін) 4 144 Бекіре, шоқыр, бекіренің уылдырықты будандары 5 (әрбір килограмм үшін) 145 Бекіре, шоқыр, бекіренің қысыр будандары 3 (әрбір килограмм үшін) 146 Сүйрік (әрбір килограмм үшін) 3 147 Майқан (үскіш), хариус, табан, бахтаң, форель, 1,5 қаражамбас майшабақ (әрбір килограмм үшін) 148 Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, 0,5 тікенбалық, жалғызкөз-глосса, ақмарқа, долгин майшабағы (әрбір килограмм үшін) 149 Сазан, тұқы, көксерке, өсімдікпен қоректенетін 0,3 балықтар (әрбір килограмм үшін) 150 Шортан, жайын, лақа, жыланбас, қаракөз, 0,2 қылышбалық, қызылқанат, беріш, көкбас, қызылкөз, шемей, шерміш (әрбір килограмм үшін) 151 Табан, мөңке, торта, тарғақбалық, айнакөз, 0,1 алабұға, оңғақ, ақтұқты (әрбір килограмм үшін) 152 Каспий итбалығы (әрбір дарағы үшін) 50 153 Шаян (әрбір дарағы үшін) 0,1 154 Салин артемиясы, гаммарус және басқа су 3 омыртқасыздары мен цисталары (шикі өнімнің әрбір килограмы үшін) ___________________________________________________________________________ Ескертулер: * Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген түрлерге жататын жануарлар
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |