|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 наурыздағы N 226 Қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1414 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Жол саласының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 442, 490-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1) 4-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын; 2) мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: "4-1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорны республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, ұстау және көгалдандыру жөніндегі сатып алынуы стратегиялық ерекше маңызды жұмыстардың жеткізушісі болып белгіленсін". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |