|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 16 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 тамыздағы N 824 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1162 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарында: реттік нөмірі 18-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 434-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 20-жол алынып тасталсын; 3) "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында: реттік нөмірі 42-жол алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |