|
|
|
"Даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесiн қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 222 қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жүйесiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. "Даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесi "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) Орталықтың жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: "Мемлекеттiк мекемелер" деген 2-бөлiмде реттiк нөмiрi 167-3-жол мынадай редакцияда жазылсын: "167-3. Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы"; 2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, республикалық-бюджеттiң қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде: 1 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмiнде: "Даму проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы 132" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми- практикалық орталығы 165". 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |