|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы N 860 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 тамыздағы N 860 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар 1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: реттiк нөмiрi 27-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек сату"; реттiк нөмiрi 31-1-жолдың 3-бағанындағы "этил спиртiн сақтау және сату, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа), сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату," деген сөздер алынып тасталсын; көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада: "Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзiмi" деген I-бөлiмнiң 14-тармағындағы "этил спиртін сақтау мен сату," деген сөздер алынып тасталсын. 2. "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 263-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында этил спирті мен алкогольдi өнiмдер импортын лицензиялаудың тәртiбiнде: 4-тармақтың д) тармақшасындағы "немесе этил спиртін сақтауға және сатуға" деген сөздер алынып тасталсын; 8-тармақ алынып тасталсын. 3. "Этил спирті мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнiмiмен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 43, 388-құжат): тақырыбында және мәтiнi бойынша "этил спиртiн сақтау мен сатуды," деген сөздер алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнімiн өндiрудi, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнiмiмен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың ережесiнде: тақырыбында және мәтiнi бойынша "этил спиртiн сақтау мен сатуды,", "этил спиртiн сақтау мен сатуға,", "этил спиртiн сақтау мен сату" деген сөздер алынып тасталсын; 6-тармақта: 1) тармақшадағы "4)" деген сан "2)" деген санмен ауыстырылсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "2) осы Ереженiң 5-тармағының 4) - 5) тармақшаларында көрсетiлген қызмет түрлерiне жергiлiктi атқарушы органдар бередi."; 13-тармақтың 2) тармақшасындағы "әзiрлеген" деген сөзден кейiн "және бекiткен" деген сөздермен толықтырылсын; 24-тармақтың 9) тармақшасындағы "этил спирті мен алкоголь өнiмiн лицензияда көрсетiлмеген мекен-жайда өндiргенде," деген сөздер "лицензияда көрсетiлмеген мекен-жайда этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiргенде, алкоголь өнімiн (сырадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын; 34-тармақтың 7) тармақшасындағы "спиртiн" деген сөзден кейiн "және алкоголь өнiмiн" деген сөздермен толықтырылсын; 35-тармақта: 4) тармақшадағы "жөнiндегi органда" деген сөздерден кейiн "техникалық талаптар," деген сөздермен толықтырылсын; 7) тармақшаның екiншi абзацындағы "лицензиар бекiткен" деген сөздер "лицензиармен келiсiлген" деген сөздермен ауыстырылсын. 4. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат): көрсетілген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында: "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тараудың 4-тармағы 26) тармақшасының екiншi абзацындағы "этил спиртiн сақтау және өткiзу; 14" деген сөздер алынып тасталсын. 5. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 9 қазандағы N 1102 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 359-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi туралы ережеде: 11-тармақтың жиырма бiрiншi абзацындағы "айналымын" деген сөз "импортын" деген сөзбен ауыстырылсын; 12-тармақтың он төртiншi абзацындағы "этил спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды," деген сөздер алынып тасталсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |