|
|
|
Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 3578 өкiмi (ҚР Президентiнiң 15.07.99 ж. N 58; 04.06.01 ж. N 215; 15.11.02 ж. N 358 өкiмдерімен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Президентінің 28.08.03 ж. N 404 өкімімен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Мемлекеттiк нышандарды насихаттау жөнiндегi қызметтi жандандыру, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес оларды қолдану практикасын реттеу мақсатында: 1. Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия құрылсын (қосымшаға сәйкес құрамда). 2. Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы лауазымы бойынша Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссияның төрағасы болып табылады деп белгiленсiн. 4. Республикалық комиссия төрағасы Ә.Кекiлбаев осы өкiмнен туындайтын барлық қажеттi шараларды қолданатын болсын. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 3578 өкiмiмен бекiтiлген Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия туралы ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия (бұдан былай - Комиссия) мемлекеттiк нышандарды насихаттау, оларды "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес қолдану практикасын зерделеу мен қорыту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы лауазымы бойынша комиссия төрағасы болып табылады. 4. Комиссия шешiмдерiнiң ұсыныстық сипаты болады. Қажет болған жағдайда олар Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының - Комиссия Төрағасының өкiмiмен ресiмделедi. ҚР Президентінің 15.11.02 ж. N 358 өкімімен 5-тармақ алынып тасталды 5. Комиссия қызметiн ұйымдық-әдiстемелiк қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат бөлiмi жүзеге асырады. II. Комиссияның негiзгi функциялары мен өкiлеттiгi ҚР Президентінің 04.06.01 ж. N 215 өкімімен 6-тармақ өзгертілді және толықтырылды 6. Комиссия: 1) өз отырыстарында орталық және жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының мемлекеттiк нышандарды, мемлекеттiк стильдiң басқа да материалдық-заттық нұсқаларын қолдану және насихаттау жөнiндегi мемлекет басшысының актiлерiн орындау тұрғысында жүргiзiп отырған жұмысы туралы ақпараттары мен хабарламаларын тыңдайды; 2) мемлекеттiк нышандарды шығару, қолдану және насихаттау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жұмысының қорытындыларын зерделейдi, талдайды және қорытады. Осы мақсатта орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, шығармашылық және ғылыми ұйымдардың, оқу орындарының мамандарын тартады. Осы жұмыстың қорытындылары жөнiнде Мемлекет басшысын хабардар етедi және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 3) министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiндегi ақпаратқа сұрау салады; 4) Мемлекет басшысына мемлекеттiк нышандарды қолданудың құқықтық негiзiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 5) мемлекеттік нышандарды шығаруға, таратуға, насихаттауға, олардың әскери және өзге де атрибутикада пайдаланылуына байланысты мәселелерді қарайды; 6) қажет болған жағдайда, Комиссияның құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн жұмыс топтарын құрады. 7) геральдикалық белгілер жобаларын қарайды және олар бойынша қорытынды береді. III. Комиссия жұмысын ұйымдастыру 7. Комиссия төрағасы оның жұмысын Республика заңдары мен осы Ережеге сәйкес ұйымдастырады. ҚР Президентінің 15.11.02 ж. N 358 өкімімен 8-тармақ өзгертілді 8. Комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай, жылына кемінде екі рет өткiзiледi және оның мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi қатысқан жағдайда құқылы болады. 9. Комиссияның шешiмдерi оның отырысына қатысып отырған мүшелерi санының кемiнде үштен екiсiнiң даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. 10. Комиссия хатшысы Комиссияның жұмыс жоспарын, отырыстарының күн тәртiбiн жасайды оның мүшелерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырады және iс жүргiзу үшiн жауап бередi. ҚР Президентінің 15.11.02 ж. N 358 өкімімен 11-тармақпен толықтырылды 11. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне жүктеледі. Жұмыс органының функциялары Комиссия айқындаған мерзімге және күн тәртібіне сәйкес отырыстарға материалдар дайындау, оларды Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік органдарға және мүдделі ұйымдарға жіберу, Комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдеу, іс жүргізу, сондай-ақ Комиссия туралы осы Ережеге сәйкес өзге де функциялар болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 3578 өкiмiмен бекiтiлген ҚР Президентінің 15.07.99 ж. N 58 өкімімен қосымшаның күші жойылды
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |