|
|
|
Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы Қазақстан Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Осы Заң Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндiрiстiк орталық ретiндегi ерекшелiктерiн негiзге ала отырып, оның ерекше мәртебесiн айқындайтын құқықтық негiздердi, қаржымен, экономикалық және әлеуметтiк жағынан ынталандыру шараларын белгiлеу арқылы оның бұдан былайғы даму кепiлдiктерiн белгiлейдi. ҚР 05.07.04 N 570-11 Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред. қара) 1-бап. Алматы қаласы мәртебесiнiң құқықтық негiзi 1. Алматы қаласы республикалық маңызы бар қала болып табылады. 2. Алматы қаласының құқықтық мәртебесі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады. ҚР 05.07.04 N 570-11 Заңымен 1-1-баппен толықтырылды 1-1-бап. Алматы қаласының нышаны 1. Алматы қаласының өз елтаңбасы бар, ол қаланың Қазақстан Республикасының мәдени, саяси, экономикалық және ғылыми орталығы ретіндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ оның географиялық орналасқан жері мен қоршаған ортасының ерекшеліктерін бейнелейтін нышаны болып табылады. 2. Алматы қаласы елтаңбасының сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін және оның бейнесiн Алматы қаласының өкілдi органы айқындайды."; ҚР 29.12.03 N 512-11; 05.07.04 N 570-11 (бұр.ред. қара) Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Алматы қаласының аумағы 1. Алматы қаласының аумағын Қазақстан Республикасы Үкiметінің ұсынуы бойынша әрі жергіліктi өкілдi және атқарушы органдардың пiкiрлерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтiн және өзгертетiн Алматы қаласының әкiмшiлік-аумақтық бiрлiктерiнің шекарасы шегiндегі жер құрайды. 2. Қаламен бiртұтас әлеуметтiк, табиғи және шаруашылық аумағын құрайтын қала шегiнен тыс жер қала маңындағы аймақты құрайды, оның көлемi мен шекарасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Қала маңындағы аймаққа кiретiн жердi пайдаланудың тәртiбi мен режимiн қаланың атқарушы органының аумағы қала маңындағы аймаққа кiретiн облыстық атқарушы органмен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалатын aтаулары мен шекарасы бар аудандар қаланың әкімшілік-аумақтық бiрлiктерi болып табылады. 4. Алматы қаласының аудандары тиiстi аумақтардың географиялық, қала құрылысы ерекшеліктері, халқының саны, әлеуметтік-экономикалық сипаттары, көлік коммуникацияларының орналасуы, өндірістік және әлеуметтiк инфрақұрылымының болуы eскеріле отырып құрылады. ҚР 05.07.04 N 570-11 Заңымен 2-1-баппен толықтырылды 2-1-бап. Жер учаскелерiн мемлекеттiк қажеттіктер үшiн алып қою (сатып aлу) ерекшеліктері 1. Жер учаскесi мемлекеттiк қажеттіктер үшін сатып алу немесе меншік иесiнiң немесе жер пайдаланушының келiсiмiмен құны тең басқа жер учаскесiн беру жолымен алып қойылуы мүмкiн. 2. Жердi пайдалану құқығын сатып алған меншік иелерi мен мемлекеттiк емес жер пайдаланушылардан мемлекеттiк қажеттіктер үшiн жер учаскесiн алып қою жер учаскелерін алдағы сатып алуға дейiн үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде оларға міндетті түрде жазбаша xaбарлай отырып, сатып алу тәртiбімен жүзеге асырылады. Меншік иелері немесе жер пайдаланушылар осындaй хабарламаны алған күннен бастап үш ай өткенге дейін жер учаскелерін сатып алуға меншiк иесінің немесе жер пайдаланушының келісімімен ғана жол берiледi. Егер меншік иесі немесе жер пайдаланушы мемлекеттік қажеттіктер үшін өзiнен жер учаскесін сатып алу туралы шешіммен келiспесе не сатып алынатын жер учаскесiнiң бағасы немесе сатып алудың басқа да шарттары туралы онымен келiсімге қол жеткізілмесе, Алматы қаласының атқарушы органы үш ай өткен соң жер учаскесiн caтып алу туралы сотқа талап арыз беруге құқылы. ҚР 20.11.98 ж. N 303-1 ; 24.12.01 ж. N 276-II; 05.07.04 N 570-11 (бұр.ред. қара) Заңдарымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Алматы қаласы өкiлдi органының өкiлеттiгi Алматы қаласының өкiлдi органы: 1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджет пен оның атқарылуы туралы есептердi бекiтуге; 2) Алматы қаласының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн айыппұл өндiрiп алудың мөлшерi мен тәртiбiн белгiлеуге; 3) 4) аумақтық мемлекеттiк және қоғамдық ескерткiштердi қорғау органдарының Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк органмен келiсiлген ұсынысы бойынша жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн бекiтуге; 5) басқа мемлекеттердiң жергiлiктi атқарушы органдарымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шек пен тәртiп бойынша халықаралық байланыстар орнатуға; 6) лотереялар шығару, оларды орналастыру мен өткiзу шарттары туралы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес қарыздар тарту қажеттілігі мен шарттары туралы шешiм қабылдауға; 7) атқарушы органның ұсынысы бойынша қаланы басқару схемасын бекiтуге; 8) Алматы қаласының аумағындағы көшi-қон процестерiн реттеу тәртiбiн бекiтуге; 8-1) қала аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру тәртiбiн белгiлеуге; 8-2) "Алматы қаласының құрметті азаматы" атағын белгілеуге және оны беру тәртібі мен шарттарын айқындауға; 9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы. ҚР 11.06.01 ж. N 207-II; 13.06.01 ж. N 212-II 05.07.04 N 570-11 (бұр.ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Алматы қаласы атқарушы органының өкiлеттiгi Алматы қаласының атқарушы органы: 1) бюджеттен тыс қорды қалыптастырады және оны басқаруды жүзеге асырады; 2) Алматы қаласының коммуналдық меншiгiн иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады; 3) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген коммуналдық меншiк тiзбесiн бекiтедi, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн заңды тұлғаларды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында тiркелген шаруашылық серiктестiктерi акцияларының мемлекеттiк пакетiн иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады; 4) заңдарда белгiленген тәртiппен коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм шығарады; 4-1) қала аумағында халықтың экологиялық қауiпсiздігін және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерін қалпына келтiрудi қамтамасыз етеді; 4-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен қалада жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шаралар өткiзу үшін қажетті жағдайлар жасайды; 4-3) Алматы қаласы арқылы өтетiн транзиттік автомобиль көлiгінің жүру сызбасын белгiлейдi; 5) Мына қызметтерге: қоғамдық тамақтандыру пункттерiнiң; казинолардың, тотализаторлардың қызметiне; автомобильге май құю станцияларын ұстау мен пайдалану бойынша; жергiлiктi лотереяларды ұйымдастыру мен өткiзу бойынша; өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық объектiлердi дезинфекциялау мен дезодорациялау бойынша; медициналық және дәрiгерлiк практикамен айналысу бойынша; мал дәрiгерлiк; шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Алматы қаласынан әкетуге байланысты; жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен тасу жөнiндегi қызметке; Алматы қаласының аумағындағы жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта және кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарының, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметiне; Үкiмет белгiлейтiн тәртiппен өзге де қызмет түрлерiне лицензия берудi жүзеге асырады; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады. ҚР 05.07.04 N 570-11 Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред. қара) 5-бап. Алматы қаласының бюджетi 1. Алматы қаласының бюджетi заңдарда белгiленген тәртiппен қалыптастырылады. 2. Алматы қаласы бюджетiнiң республикалық бюджетпен өзара қатынастары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленетiн түсiмдер мен шығыстарды, ресми трансферттердi және бюджеттік кредиттердi бөлу арқылы белгiленедi. 3. ҚР 05.07.04 N 570-11 Заңымен 3-тармақ алып тасталды (бұр.ред. қара) 4. ҚР 05.07.04 N 570-11 Заңымен 4-тармақ алып тасталды (бұр.ред. қара) 5. Заңдарда белгiленген түсiмдермен қоса, коммуналдық мүлiктi пайдалануға беру мен жекешелендiруден түскен қаражат Алматы қаласы бюджетiнiң кiрiсiне аударылады. 6. Мекемелер нысанындағы коммуналдық заңды тұлғалардың жергiлiктi атқарушы орган бекiткен сметасынан асатын шығындарды қала бюджетiне аударылуға тиiс. 6-бап. Алматы қаласының әкiмi жанындағы бюджеттен тыс қор Алматы қаласын экономикалық, әлеуметтiк және мәдени жағынан дамыту үшiн бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында Алматы қаласының әкiмi жанынан бюджеттен тыс қор құрылады. Қор туралы ереженi Алматы қаласы атқарушы органының ұсынысы бойынша Алматы қаласының өкiлдi органы бекiтедi. ҚР 24.12.98 ж. N 334-1 Заңына сәйкес 7-бап алынып тасталды 7-бап. алынып тасталды ҚР 24.12.98 ж. N 334-1 Заңына сәйкес 8-бап алынып тасталды 8-бап. алынып тасталды Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |