|
|
|
2004 ж. 5 шілдеде енгізілген өзгерістерге дейін қолданылған 4-баптың редакциясы ҚР 06.12.01 ж. N 260-II; 26.12.02 ж. N 364-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Табиғи монополияның iс-әрекет аясы 1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясында мынадай iс-әрекет түрлерi жатады: 1) магистралды труба құбырлары арқылы мұнайды және (немесе) мұнай өнiмдерiн тасымалдау; 2) газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбырлары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану; 3) электр және (немесе) жылу энергиясын беру мен (немесе) бөлу; 3-1) жылу энергиясын жылыту қазандықтарында, өндiрiстiң құрамдастырылған үлгісіндегі станцияларда өндіру; 3-2) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер; 4) магистральдық темір жол желісінің қызметі; 4-1) бәсекелес кiрме жолдар және оны салудың технологиялық мүмкiндiктерi не экономикалық тиiмдiлiгi болмаған кездегi кiрме жолдардың қызметтерi; 5) әуенавигация, айлақтар, әуежайлар көрсететiн қызмет; 6) телекоммуникациялардың жергiлiктi желiлер торабын пайдалана отырып көрсететiн қызметi; 7) су шаруашылығы және (немесе) канализация жүйелерi көрсететiн қызмет; 8) почта байланысының жалпыға бiрдей қолжетiмдi қызметтерi; 2. Табиғи монополия субъектiлерi республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуге жатады. 3. Табиғи монополия субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi бойынша тiркеледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |