|
|
|
"Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысы (ҚР Үкіметінің 12.12.00 ж. N 1830; 26.09.01 ж. N 1240; 05.04.02 ж. N 407; 05.03.03 ж. N 224;16.07.03 ж. N 700 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Бұрынғы редакцияларды қара Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 11 қарашадағы N 1127 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесi; 2) Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттік кадастрды әзiрлеу, шығару және жүргiзу жөніндегi нұсқаулық; 3) Мемлекеттiк оқ-гильза қоймасын құру ережесi; 4) Қару иелерi мен оны пайдаланушылардың бастапқы дайындығын ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру мен оны жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi жарақат салатын тегіс ұзын ұңғылы атыс, ұңғысыз атыс және газ қаруларының патрондарына медициналық-биологиялық және химиялық-аналитикалық сынақтар жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша бiр айлық мерзiмде, "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды бергенi үшiн бiр жолғы алым мөлшерлерiн бекiту туралы, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын енгiзсiн. 5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi бiр айлық мерзiмде, өзiн-өзi қорғау - жарақат салатын патрондары бар тегiс ұзын ұңғылы атыс, жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар ұңғысыз атыс қаруының зақымдағыш факторларының адамға әсер етуiнiң рұқсат етiлетiн нормаларын әзiрлесiн және бекiтсiн. 6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының Ережесі 1. Жалпы ережелер Осы Ереже "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару мен оның патрондарын өндiрудi, сатуды (саудасы), берудi, сыйға тартуды, марапаттауды, мұраға ие болуды, сатып алуды, коллекциялауды, экспонаттауды, есепке алуды, сақтауды, алып жүрудi, тасымалдауды, пайдалануды, алып қоюды, жоюды, Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудi қоса алғандағы, айналымын реттейдi. 2. Қызметтiк қару мен оның патрондарын сатып алу құқығына лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi 1. Ұйымдар өздерiне заңнамада жүктелген және олардың жарғыларымен (ережелерiмен) көзделген азаматтардың өмiрi мен денсаулығын, меншiгiн қорғау жөнiндегi, қоршаған ортаның объектiлерi мен табиғи ресурстарды, бағалы және қауiптi жүктерді, арнайы хат-хабарларды күзету жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыруы кезiнде пайдалануына арналған қызметтiк қару мен оның патрондарын iшкi iстер органдарының тиiстi лицензиясын алғаннан кейiн жеткiзiп берушi заңды тұлғалардан сатып алынуы мүмкiн. 2. Қару сатып алуға лицензия алу үшiн (11-қосымша) мүдделi ұйым Iшкi iстер министрлiгiне мынадай құжаттарды ұсынады: сатып алынатын қарудың санын, оның жүйесiн, калибрiн көрсете отырып, бекiтiлген үлгiдегi өтiнiш; күзет қызметiне берiлген лицензияның көшiрмесi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi берген теңге және шетел валютасында банктiк және өзге де операцияларды жүргiзуге берiлген лицензияның көшiрмесi (инкассация қызметтерi үшiн); заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы нотариалды түрде расталған куәлiгiнiң көшiрмесi; лицензиялық алымды төлегенi туралы түбіршек; қолда бар және қажеттi қару мен оның патрондарының саны туралы мәлiметтер (12-қосымша); қару мен оның патрондарын сатып алуға және сақталуына жауапты адамды тағайындағаны туралы бұйрықтың көшiрмесi, оған кадр есебi жөнiндегi жеке парақ (сауалнама) пен көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге немесе нашақорлыққа байланысты қаруды ұстауға кедергi жоқ екенi туралы медициналық қорытынды, қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерін білетiндiгiн тексеру туралы, сотталмағандығы туралы анықтамалар қоса берiледi; қаруды сақтауға арналған үй-жайдың жарамдылығы туралы iшкi iстер органдарының, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерiнiң өкiлдерiнен құрылған комиссия жасаған акт. Ескерту. Қызметтік қаруды пайдалану мен қолдануға байланысты функциялар жүктелген ұйымдар ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғалар болып табылады (бұдан әрi - ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғалар) ҚР Үкіметінің 20.12.00 ж. N 1830; 26.09.01 ж. N 1240; 16.07.03 ж. N 700 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғалардың iшкi iстер органдарынан тиiстi лицензия алғаннан кейiн N 1, 2, 3, 4, 4-1(құпия), 4-2(құпия), 5, 6, 7, 8, 9, 10, 10-1-қосымшаларда көрсетiлген қарудың түрлерiне, үлгiлерiне, модельдерiне және санына сәйкес азаматтық және қызметтiк қаруды сатып алуға құқығы бар. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын, сондай-ақ суық қаруды сатып алу заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Лицензия берудiң өзге де шарттары мен тәртiбi лицензиялау туралы заңнамамен белгiленеді. 3. Қызметтiк қару мен оның патрондарын сақтаудың тәртiбi 4. Заңды тұлға қаруды сатып алған күннен бастап 7 күннің iшiнде ішкi iстер органынан оны сақтауға және пайдалануға рұқсат алуға мiндеттi. 5. Қаруды тiркеу кезiнде iшкi iстер органдары қаруды сатып алудың заңды екенiн растайтын құжаттар негiзiнде үш жыл мерзiмге осы қаруды сақтауға және пайдалануға рұқсат бередi. 6. Қаруды сақтауға және пайдалануға рұқсат беру үшiн: сатып алынған қарудың саны (әр бірлiктiң түрi, үлгiсi, моделi, жүйесi, калибрi, нөмiрі, шығарылған жылы) туралы; қаруды сақтау мен пайдалануға жауапты адам, сондай-ақ қаруды алуға рұқсаты бар адамдар, оның iшiнде күзет қызметкерлерi туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi), көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге немесе нашақорлыққа байланысты қару ұстауға қарсылық жоқ екенi туралы медициналық қорытынды, қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерiн бiлетiндiгiн тексеру туралы, сотталмағандығы туралы анықтамалар көрсетiлетiн ұйым басшысының өтiнiшi негiз болып табылады. Өтiнiшке ұйым басшысының қару мен оның патрондарының сақталуы үшiн жауапты адамды (адамдарды) тағайындау туралы бұйрығының көшiрмесi қоса тiркеледi. Қаруды сақтауға арналған жаңа объект ашылған кезде өтінішке iшкi iстер органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерiнiң өкілдерi жасаған қару сақтауға арналған үй-жайдың жарамдылығы актілерi қоса тiркеледi. 7. Қызметтiк қару мен оның патрондары арнайы жабдықталған қоймада сақталады, ол мынадай талаптарға сай болуы тиiс: 1) басқа қосалқы, қызметтік үй-жайлардан оқшау болуы керек, қабырғалары қалың, төбе жабулары мен еденi берiк болуы тиiс. Iшкi қабырғалары (қоршаулары) беріктігі жағынан арасына болат тор өткiзiлген, әрқайсысының қалыңдығы 80 мм қосарланған гипсобетонды панельдерге немесе металл тормен арматураланған, қалыңдығы кемінде 120 мм кiрпiш қабырғаға тең болуы керек. Бұрын салынған ғимараттарда болат торлармен күшейтiлген тақтай қоршаулар жасауға рұқсат етiледi; 2) екі есiгi болуы керек, бұл ретте сыртқысы - қаңылтырдың шеттерi есiктiң жақтауына қайтарылып, екі жағы мырышты болат қаңылтырмен сомдалған, қалыңдығы кемiнде 40 мм бір қабат тақтайдан, ал iшкiсi - болат тордан жасалады. Сыртқы есiк екi iшкi құлыппен жабылып, мөр немесе пломбы басылуы тиiс, iшкi торлы есік - iшкi немесе аспалы құлыппен жабылады. Қару-жарақ бөлмесi есiгiнiң ойығы (есiктiң қорабы) болат жиекпен жақтауланады. Бұрын салынған үй-жайларда көлемi 30х40 мм-ден, қалыңдығы 5 мм-ден кем болмайтын, қабырғаға диаметрi 10-12 мм арматуралы болат шегемен он жерден қағылған бұрыштама темiрмен күшейтiлген ағаш қораптарға рұқсат беріледі; 3) үй-жайдың iшкi жағындағы терезе ойықтарында немесе жақтауларының арасында болат тор жүргiзiледi. Бiрiншi қабатта орналасқан бөлмелерде терезелері iшкi жағынан металл немесе екi жағынан мырышты болатпен қапталған ағаш қақпақпен жабдықталады. Торлардың ұшы қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке дейін қағылып және бетон құйып бекiтiледi. Терезенiң қақпақтары аспалы құлыппен жабылуы керек. Есiк, терезе ойықтарына және қабырғаны нығайту үшiн тартылатын торлар диаметрi кемiнде 15 мм болат шыбықтан жасалады. Шыбықтардың тор көздерi кемінде 150х150 мм-ден айқастырылып дәнекерленедi; 4) екi және одан көп күзет-өрт белгі беру құралдарымен жабдықталады, ол электр қуатымен қамтамасыз ету қалқанына жасырын сым тарту арқылы орындалады, терезелерге, есіктерге, люктерге, қабырғаларға, төбеге, еденге қару мен патрондар сақталатын сейфтерді, шкафтарды ашқанда немесе бұзғанда, сондай-ақ бөлменің iшiнде адам жүргенде iске қосылатын хабарлағыштар орнатылады. Бұл үй-жайлар iшкi істер органдары күзет бөлiмшелерiнің күзетуiне берiлiп, белгiленген тәртiппен белгі беру құралдарының орталықтандырылған бақылау пультiне қосылады. Күзету белгi беру құралдарының шлейфін темiрбетонды және бетонды құрылыс конструкциялары бойынша тек қана бөлме iшiнде құбырмен жүргiзуге рұқсат етiледi; 5) желдеткiш терезе, люк болған жағдайда, оларға бұл жүйелер арқылы өту мүмкiндiгiн болдырмайтын көлемi 100х100 мм-ден аспайтын тор көздерi бар болат тор орнатылады. Инженерлiк желiлердi тартуға арналған қабырғалардағы тесiктердiң диаметрi 200 мм-ден аспауы керек; 6) қару мен патрондар сақтайтын бөлмеде өртке қарсы құралдар, мүлiктердiң тiзімдемесi болуы тиiс, онда шкафтардың, металл жәшiктердiң саны, олардың нөмiрлерi және қандай мөр басылғаны көрсетiледi; 7) қару мен оның патрондары бар қару-жарақ бөлмесi және металл шкафтар (сейфтер) кiлттерiнiң екi жинағы болуы тиiс. Кiлттердiң бiр жинағы қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамда, екiншiсi - атына сақтау рұқсаты берiлген ұйым басшысының мөрленген сауытында ұдайы сақталады. Қару-жарақ бөлмесiнiң, қару мен патрондар бар металл шкафтардың, сейфтердiң кiлттерiн столдарда және бөгде адамдардың қолы жететiн өзге де жерлерде қалдыруға тыйым салынады. 8. Қару мен патрондар қабырғасының қалыңдығы кемiнде 3 мм, ішкi құлыптары (кемiнде екi) берiк жабылатын металл шкафтарда (сейфтерде) сақталуы керек. Шкафтардың есiктерi мықты болу үшiн болат бастырмамен немесе бұрыштамалармен нығайтылады. Шкафтардың есiктерiнде iшкi жағында нөмiрлерi бойынша қарудың тiзiмдемесi болуы тиiс. Қаруды бiр iшкi құлпы бар, салмағы кемiнде 700 кг ауыр сейфтерде сақтауға болады. 9. Қарумен және патрондармен бiрге қару-жарақ бөлмесiнiң темiр тормен бөлiнген бөлiгiнде сақтауға болатын пневматикалық қару, арнаулы құралдар, радиостанциялар мен дозиметриялық аспаптарды қоспағанда, басқа бұйымдарды сақтауға тыйым салынады. Қарудың патрондары қарудан бөлек металл жәшiкте, шкафта сақталуы тиiс. Сүрту материалдары, май және сiлтiлер, қаруды тазалау мен майлауға арналған бұйымдар қару мен патрондардан бөлек, ол үшiн арнайы бөлiнген жерде сақталады. 10. Банк басқармаларында, бөлiмшелерiнде, филиалдарында қару мен патрондар темiр-бетонды қоймаларда сақталады. Қоймалар болмаған жағдайда қару мен оның патрондарын (орталықтандырылған бақылау пультіне шығарылған күзету белгi беру құралдары болған жағдайда) iшкi немесе жапсырма темiр-бетон шкафтарда (кассаларда) немесе салмағы кемiнде 700 кг ауыр сейфтерде сақтауға рұқсат етіледi. Байланыс тораптарында, фельдъегерлiк қызметтерде, арнайы байланыс бөлiмшелерiнде, автономиялық күзету белгi беру құралдары мен салмағы кемiнде 700 кг ауыр сейфтер болған жағдайда қару мен патрондарды сақтауға рұқсат етiледi. 11. Қызметтiк қару мен оның патрондарын сақтауға арналған үй-жай болмаған жағдайда ұйымдарға орталықтандырылған сақтау пункттерi жабдықтарын пайдалануға рұқсат етiледi. Мұндай пункттер "Динамо" дене тәрбиесi-спорт қоғамының базасында, қалалық, аудандық iшкi iстер органдарында шарттық негiзде құрылуы мүмкiн. Орталықтандырылған сақтау пунктiнде қару мен патрондар осы Ереженiң 7-9-тармақтарында белгiленген тәртiппен сақталады. Қаруды орталықтандырылған сақтау пунктiне тапсыру акт бойынша ресiмделедi. Онда қару мен оның патрондарын сақтайтын әрбiр ұйым үшiн жеке металл шкафтар немесе бокстар бөлiнуi тиiс. 12. Әскерилендiрiлген күзет жасақтарында (командаларында), қарауыл күзетiнде атыс қаруы мен патрондар (оның iшiнде азайтылмайтын қор) осы Ереженiң 7-9-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес сақталады. Қару-жарақ бөлмесiн орталықтандырылған бақылау пультiне шығатын дабыл белгiсiмен жабдықтау мүмкiн болмаған жағдайда оның қабырғаларына, төбесiне, терезелерiне хабарлағыштар орнатылып, қарауыл үй-жайынан (күзет қосынан) басқа жақын жердегi қарулы қосқа да шығарылған жеке дабыл белгiсiмен жабдықталады. 13. Оқу мақсатында (практикалық атыстар), спорт жарыстарында немесе қызмет өткеру уақытында қару қолдану нәтижесiнде жұмсалған, сондай-ақ жоғалған патрондар акт бойынша есептен шығарылады, оған тарату-тапсыру ведомосы, ал қажет болған жағдайда, қаруды қолдану немесе патрондарды жоғалту себептерi туралы қызметтiк тексеру материалдары қоса тiркеледi. Акт атыс жүргiзiлген кейiнгi келесi күннен кешiктiрiлмей жасалады, оны ұйым басшысы бекiтедi және қаруды сақтауға жауапты адамда сақталады. Қаруды есепке алу кiтабында патрондарды есептен шығару туралы тиiстi белгiлер қойылады. 14. Мемлекеттiк, кооперативтiк, қоғамдық және жеке шаруашылықтарда бақтарды, жүзiмдiктердi, омарталарды, бақшаларды, егiстiктердi, мал жайылымдарын, жерлердi маусымдық күзету, мемлекеттiк және өзге де объектiлердi уақытша күзету кезеңiнде жақын жерлерде, осы Ереженiң 15-тармағында жазылған талаптарға сәйкес бұл адамдардың тұрғылықты жерлерiнде сақталуы тиiс қаруды ұдайы сақтау орны болмаған жағдайда, қызметтiк тегiс ұңғылы қаруды iшкi iстер органдарының рұқсаты бойынша күзетшiлердiң тұрғылықты жерлерiнде сақтауға жол берiледi. Маусымдық жұмыстар аяқталғанда қару оны ұдайы сақтау орнына тапсырылуы тиiс. 15. Iшкi iстер органдарымен келiсiм бойынша қызметтiк ойықты және тегiс ұңғылы қару (карабиндер, винтовкалар, тапаншалар, револьверлер, мылтықтар) мен оның патрондарын табиғат қорғау органдары қызметкерлерiнiң тұрғылықты жерлерiнде сақтауға болады. Бұл ретте ойықты атыс қаруы еденге немесе қабырғаға мықты орнатылған металл жәшiктерде (шкафтарда) сақталуы керек, олардың қабырғаларының қалыңдығы кемiнде 3 мм болуы тиiс және берiк iшкі құлыптармен (кемiнде екi) жабылуы тиiс. 4. Қызметтiк қару мен оның патрондарын есепке алудың тәртiбi 16. Қаруды қолданатын ұйымдарда: нөмiрленетін, бау өткiзiлетiн және аумақтық iшкi iстер органының "Лицензиялық-рұқсат жүйесі" деген бедерi бар арнайы мөрi басылатын қару мен оның патрондарын есепке алу кiтаптары; нөмiрленетiн, бау өткiзiлетін және аумақтық ішкi iстер органының "Лицензиялық-рұқсат жүйесi" деген бедерi бар арнайы мөрi басылатын қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қызмет өткеру уақытына берiлетiн қару мен оның патрондарын беру және қабылдап алу журналдары ұдайы жүргiзiлуi тиіс. 17. Ұйымдар бұдан әрі пайдалануға жарамсыз қызметтiк қару мен оның патрондарын Астана қаласының IIБ, Алматы қаласының IIББ, облыстардың IIББ, IIБ, көлiктегi IIБ шаруашылық бөлiмдерiнiң қоймаларына одан әрi жою үшiн тапсырылады. Жою тәртiбiн қару айналымын бақылау саласындағы өкiлеттi орган анықтайды. Ескерту. Қарудың пайдалануға жарамдылығын iшкi iстер органдарының аталған бөлімшелерiнiң техникалық комиссиялары анықтайды. Ұйымдарға тиесiлi басы артық, бiрақ бұдан әрi пайдалануға жарамды қызметтiк қару мен оның патрондары тек қана оны сақтауға рұқсат берген ішкi iстер органының рұқсаты (жолдамасы) бойынша басқа ұйымдарға берiледі немесе сатылады. 18. Қару мен оның патрондарын есепке алудың, сақтаудың және дұрыс пайдаланудың жай-күйiне ұйым басшылары, ал әскерилендiрiлген күзет жасақтарында - жасақ (бөлiмше) бастықтары жауапты болады, олар қару немесе оның патрондары ұрланған немесе жоғалған жағдайларда ол туралы аумақтық iшкi iстер органдарына дереу хабарлауға және оларды iздестiру шараларын қолдануға мiндеттi. 19. Ойық ұңғылы қызметтiк атыс қаруы мiндеттi түрде тексеру атысынан өтуi тиіс. Атылған оқтар мен гильзалар Астана қаласы IIБ, Алматы қаласы IIББ, облыстардағы IIББ, IIБ, көлiктегi IIБ қару-жарақ қызметтерiнде сақталады. Тексеру атысын iшкi iстер органдары жүргiзедi, атыстың қайталану кезеңi - 4 жылда бiр рет. Оларды өткiзу үшiн ұйым қару-жарақты атыс орнына тасымалдауды қамтамасыз етедi және iшкi iстер органына тиiстi шығындарды өтейдi. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын, сондай-ақ суық қаруды сақтау, есепке алу және пайдаланудың тәртiбi заңнамаға сәйкес айқындалады. 5. Қызметтiк қару мен оның патрондарын берудiң тәртiбi 20. Қызметтiк қару мен оның патрондарын ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан бiр ұйымнан екiншi ұйымға беру тек қана аумақтық iшкi iстер органдарымен келiсiм бойынша жүргiзiледi. Қару немесе патрондар берген ұйым ол жөнiнде қару есепте тұрған iшкi iстер органына берiлген қарудың санын, маркасын, калибрi мен әрбiр бiрлiгiнiң нөмiрiн, патрондардың санын, маркасын, калибрiн көрсете отырып, жетi күндiк мерзiмде жазбаша хабарлауға мiндеттi. Хабарламаға қайта ресiмдеу үшiн қаруды сақтауға рұқсаты, сондай-ақ оның негiзiнде беру жүзеге асырылған құжаттар қоса тiркеледi. 21. Ұйым басшылары ұйымның (ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғалардың) штат қызметкерлерiне өз функцияларын атқару кезеңiнде қару бередi. Қару қызметкерлерге тиiстi дайындықтан өткеннен кейiн берiледi. Бұл қызметкерлер атыс қаруын қолданумен байланысты жағдайлардағы iс-әрекетке жарамдылығы бойынша мезгiл-мезгiл тексеруден өтiп отыруға мiндеттi және iшкi iстер органдарының қызметтiк қаруды сақтауға және алып жүруге берген рұқсаты болуы керек. 6. Қызметтiк қару мен оның патрондарын алып жүру құқығына рұқсат беру тәртiбi 22. Ұйым басшыларының өтiнiштерi бойынша Астана қаласының IIБ, Алматы қаласының IIББ, облыстардың IIББ, IIБ, көлiктегi IIБ күзет (қауiпсiздiк) қызметтерiнiң, инкассация қызметкерлерiне қызметтiк қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттар бередi. Ұйым басшыларының өтiнiштерiне қажеттi құжаттар (адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi көрсетiлген тiзiмдер) көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге немесе нашақорлыққа байланысты қару ұстауға қарсылық жоқ екенi туралы медициналық қорытынды, күзетшi ретiнде жұмыс iстеу үшiн дайындықтан өткендiгiн растайтын куәлiк және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттар; қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерiн бiлетiндiгiн тексеру туралы анықтама; ұйым басшысының адамды лауазымға тағайындау туралы және қызметтiк қаруды жеке бекiтiп беру туралы бұйрықтарының көшiрмелерi; көлемi 3х4 см екi фотосурет) қоса тiркеледi. Iшкi iстер органы өтiнiш пен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде тапсырылған материалдарды қарайды және рұқсаттар бередi, ал бас тарту жағдайында оның себептерiн көрсете отырып, ол жөнiнде ұйымға хабарлайды. Қызметтiк қаруды алып жүруге рұқсатты iшкi iстер органдары үш жыл мерзiмге бередi және оған мiндетті түрде "Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қолданылады" деген мөртаңба соғады. 23. Аңшылық кәсiппен айналысатын ұйымдар iшкi iстер органдарының рұқсаты бойынша өздерiнде бар қызметтік қарудың ішiнен, аңшылық кәсiп үшiн бөлiнген қаруды пайдаланушыларға маусымға қару бере алады. Аталған адамдарға қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттар беру туралы өтiнiштер аңшылық маусымның басталуынан бiр ай бұрын iшкi iстер органына жiберiледi. Оған, мiндеттi түрде осы Ереженiң 78-79-тармақтарында көрсетiлген құжаттар қоса тiркеледi. 7. Қызметтiк қару мен оның патрондарын пайдаланудың тәртiбi 24. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттiк қызметшiлерге жатқызылған мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының - Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының, судьялардың, прокурорлардың жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға арналған қызметтiк қаруды Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi беретiн лицензиялар бойынша, мынадай тәртiпте: депутаттарға - Қазақстан Республикасының Парламентi; судьяларға (Жоғарғы Сот мүшелерiнен басқа) - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi; прокурорларға - Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы; судьяларға (тек қана Жоғарғы Сот мүшелерiне) - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты; мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттiк қызметшiлерге жатқызылған мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына - Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс Басқармасы, Премьер-Министрiнің Кеңсесі сатып алады. Қызметтiк қаруды (қысқа ұңғылы ойықты атыс қаруын) сақтау мен алып жүруге мынадай құжаттардың: өтiнiш; кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парақ (сауалнама); көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге немесе нашақорлыққа байланысты қару ұстауға қарсылық жоқ екендігi туралы медициналық қорытынды; қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерiн бiлетiндiгiн тексеру туралы анықтамалар; 3х4 см екi фотосурет; түрi, үлгісі, моделі, жүйесi, калибрі, нөмiрi көрсетiле отырып, қарудың бекiтiлiп берiлгенi туралы бұйрықтың көшiрмесi негiзiнде берiледi. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттiк қызметшiлерге жатқызылған мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына қызметтiк қаруды (қысқы ұңғылы ойықты атыс қаруы) сақтау мен алып жүруге рұқсатты Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi - Iшкi әскерлер қолбасшысы бередi. Судьялар мен прокурорларға қызметтiк қаруды (қысқа ұңғылы ойықты атыс қаруы) сақтау мен алып жүруге рұқсатты Астана қаласы IIБ, Алматы қаласы IIББ, облыстар IIББ, IIБ бастықтары бередi. Мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттiк қызметшiлерге жатқызылған мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының - Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының, судьялардың, прокурорлардың жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға арналған қызметтiк қару осы Ережелердiң 7-9 тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес сақталады. Ескерту. Қызметтік қаруды (бiр бiрлiктен артық емес) сақтау мен алып жүруге рұқсат үш жыл мерзiмге берiледі. Қару мен оның патрондарын алып қою Қазақстан Республикасының "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымын мемлекеттiк бақылау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес жүргiзiледi. 8. Қызметтiк қару мен оның патрондарын тасымалдаудың тәртiбi 25. Қаруды, аңшылық оқ-дәрiнi, жабдықталған патрондарды автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiнде ұйым басшысы тасымалдауға жауапты адамды тағайындайды және жол бойында тиiстi қарулы күзетпен қамтамасыз етедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |