|
|
|
Екiншi деңгейдегі банктердiң жарғылық және меншiктi капиталдарының ең аз мөлшерi туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 ж. 2 маусымдағы N 190 қаулысы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 118; 04.07.03 ж. N 220 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Екiншi деңгейдегi банктердiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүддесiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 118 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды 1. Жаңадан құрылатын банктер үшiн 2001 жылдың 1 тамызынан бастап жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi 2.000.000.000 (екi миллиард) теңге сомасында белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін 500.000.000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде жарғылық капиталдың ең аз мөлшері белгіленсін. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.04.03 ж. N 118 қаулысымен 2-тармақ толықтырылды 2. 2001 жылдың 1 тамызынан бастап меншiктi капиталдың ең аз мөлшерi: 1) банктiк және басқа операциялар жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банктер үшiн 1.000.000.000 (бiр миллиард) теңге сомасында; 2) аймақтық (Астана және Алматы қалаларынан тыс жерге орналасқан) банктер, Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшiн 500.000.000 (бес жүз миллион) теңге сомасында белгiленсiн. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.03 ж. N 220 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара) 3. Барлық банктер үшін меншікті капиталдың ең аз мөлшері мынадай шекте белгіленсін: 1) банкте бір филиал және/немесе есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы) болған жағдайда - 1.000.000.000 (бір миллиард) теңге; 2) банкте бірден астам филиал және/немесе есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы) болған жағдайда - 1.000.000.000 (бір миллиард) теңге әрі оған қоса: облыс орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір филиал үшін - 30.000.000 (отыз миллион) теңге; басқа қалаларда орналасқан әрбір филиал үшін - 15.000.000 (он бес миллион) теңге; басқа елді мекендерде орналасқан әрбір филиал үшін - 10.000.000 (он миллион) теңге; облыс орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы) үшін 15.000.000 (он бес миллион) теңге; басқа қалаларда орналасқан әрбір есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы) үшін - 10.000.000 (он миллион) теңге; басқа елді мекендерде орналасқан әрбір есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы) үшін - 5.000.000 (бес миллион) теңге. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.03 ж. N 220 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Екінші деңгейдегі банктер 2004 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін осы қаулының 3-тармағына сәйкес келтірсін. 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 5. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктерiне және аумақтық филиалдарына жiберсiн. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн. Ұлттық Банк
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |