|
|
|
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң N 1 аймақаралық салық комитетi" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 114 қаулысы (ҚР Үкіметінің 31.01.03 ж. N 1127 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы N 101 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексі) 15-бабына сәйкес, мұнай мен газды өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға салықтық әкiмшiлiк жүргiзудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерiнiң бекiтiлген штат саны лимиттерi шегiнде "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң N 1 аймақаралық салық комитетi" мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi - Аймақаралық комитет) құрылсын. 2. Аймақаралық комитеттi қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiн ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Аймақаралық комитет туралы ереженi бекiтсiн, бiр ай мерзiмде Аймақаралық комитеттiң әдiлет органдарында тiркелуiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдануын қамтамасыз етсiн. 4. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1127 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |