"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелерi
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 43-ө Өкімі
1. Қоса берілiп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) Тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 5 наурыздағы
№ 43-ө өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне салық салу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық
кесiмдердiң тiзбесi
Р/с N | Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң атауы | Кесiм нысаны | Жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | "Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шеге- рiмге жататын өкiлдiк шығыстардың және Қазақстан Республикасы- нан тыс жерлерде iсса- парда болған уақыты үшiн төленетiн тәулiкақы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 желтоқ- сандағы № 1677 қаулысына өзгерiс енгізу туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | ЭБЖМ | 2005 жылғы сәуір |
2. | Мұнай-химия өнеркәсiбін- дегi қызметті жүзеге асыратын жекелеген ұйымдарға салық салудың кейбір мәселелерi туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | ЭМРМ (шақыру) ЭБЖМ Қаржымині | 2005 жылғы сәуір |
3. | "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы- ның Заңын iске асырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына толық- тырулар мен өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | ИСМ (шақыру) ЭБЖМ Қаржыминi ЭМРМ АШМ ККM | 2005 жылғы сәуiр |
4. | Салық салу жеңiлдігі бар шетелдiк мемлекет- тердiң тiзбесiн бекіту туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | Қаржыминi (шақыру) CIM ИСМ ЭБЖМ Әдiлетминi ЭСЖҚА ҰҚК (келісім бойынша) ҚҚА (келісім бойынша) Ұлттық банк (келісім бойынша) | 2005 жылғы cәуip |
5. | Меншiкті өндiрiстің қосылған құны жоғары тауарларының тiзбесiн бекіту туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | ЭБЖМ (шақыру) Қаржыминi ЭМРМ ИСМ ККМ АШМ | 2005 жылғы сәуiр |
6. | Қазақстан Республикасы- ның кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, "Еркiн қойма" кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрілген және Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының қалған бөлiгiне сатыла- тын, сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатыла- тын қазақстандық тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | ЭБЖМ (шақыру) Қаржыминi ИСМ AШM | 2005 жылғы сәуiр |
7. | "Қазақстан Республика- сына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ереже- сiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | Ұлттық банк (келісім бойынша) (шақыру) ЭБЖМ Қаржымині | 2005 жылғы сәуiр |
8. | Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы- ның кодексінде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталған жабдықтар- дың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгi жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаж- дар үшiн әкелінетін қосалқы бөлшектердiң тiзбесiн бекіту туралы" 2003 жылғы 19 наурызда- ғы № 269 және "Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негiзгi құралдар тiзбесiн бекіту туралы" 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулыларына өзгерiс- тер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | ЭБЖМ (шақыру) АШМ Қаржымині ККM ЭМРМ ИСМ | 2005 жылғы сәуiр |
9. | Сатылатын шикi мұнай- дың, газ конденсатының рыноктық бағасын айқын- дау ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | Қаржымині (шақыру) ЭMPM ЭБЖМ | 2005 жылғы сәуiр |
10. | Коммерциялық табу бону- сының мөлшерін есептеу үшiн қолданылатын ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекіту туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | ЭМРМ (шақыру) Қаржыминi ЭБЖМ | 2005 жылғы сәуiр |
11. | Пайдалы қазбаларды барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыста- рын салу және (немесе) пайдалану кезiндегі роялти ставкаларын бекіту туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | ЭМРМ (шақыру) Қаржыминi ЭБЖМ | 2005 жылғы сәуiр |
12. | Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкаларын бекіту туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | Әдiлетминi | 2005 жылғы сәуiр |
13. | "Акцизделетiн тауарлар- дың жекелеген түрлерiн акциздiк маркалармен таңбалаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | Қаржыминi | 2005 жылғы сәуiр |
14. | "Қазақстан Республика- сында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасы- ның кеден аумағына әкелiнетiн, Қазақстан Республикасының аума- ғында сатылатын акцизде- летiн тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | Қаржыминi | 2005 жылғы сәуiр |
15. | 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеумет- тік жеке коды және (немесе) салық төлеушi- нiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республика- сының шегiнен тыс жерлерге тұрғылықты тұруға көшiп кеткен, Қазақстан Республикасы- ның заңнамасында белгiленген тәртіппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | Еңбекминi (шақыру) Қаржымині | 2005 жылғы сәуiр |
16. | "Міндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | Еңбекмині (шақыру) Қаржымині | 2005 жылғы сәуiр |
17. | "Әлеуметтiк аударымдар- ды есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметі- нің қаулысы | Қаржыминi (шақыру) Еңбекминi | 2005 жылғы сәуiр |