«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 45-III Қазақстан Республикасының Заңы
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау
мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)»2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат, № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар):

371-баптың 4-тармағының 6) тармақшасында:

екiншi абзацтағы «және мал дәрiгерлiк» деген сөздер алып тасталып, «қызметтi» деген сөзден кейiн», мал дәрiгерлiк саласындағы қызметтердi: мал дәрiгерлiк мақсаттағы препараттарды өндiру және өткізудi; мал дәрiгерлiк мақсаттарға арналған дәрi-дәрмек құралдарды, биологиялық препараттарды өткізудi; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама жүргiзудi; мал дәрiгерлiк емдеу-профилактикалық қызметтерiн;»деген сөздермен толықтырылсын;

бесiншi абзацтағы «және сатуды» деген сөздер алып тасталсын;

жетiншi абзац алып тасталсын;

он төртiншi абзацтағы «жүргiзу» деген сөз «жүргiзудi» деген сөзбен ауыстырылып, «мен топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдер өткізудi» деген сөздер алып тасталсын;

он бесiншi абзацтағы «тексерудi,»деген сөз алып тасталсын;

он жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты қызметтердi: жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын орнатуды, монтаждауды, жөндеудi, пайдалануды;»;

жиырма екiншi және жиырма үшiншi абзацтар алып тасталсын;

жиырма бесiншi абзацтағы», салуды» деген сөз алып тасталсын;

жиырма сегiзiншi абзац алып тасталсын;

жиырма тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«темір жолдың жылжымалы құрамын жасау мен жөндеудi; қауiптi жүктерді тасымалдау үшiн қолданылатын арнаулы контейнерлерді жасау мен жөндеудi;»;

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
;