«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 44-III Конституциялық Заңы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме! Стоимость документа 300 тенге
Получить полный доступ к документу
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Судебные решения

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
 
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің, соның ішінде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.";

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения
  • Судебные решения

2) 19-бапта:

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

"2-1. Мыналар:

сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;

сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.";

3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлiкпен толықтырылсын:

"Сайлау комиссиясының төрағасы сотта және басқа да мемлекеттік органдарда комиссияның мүддесін бiлдіреді, сондай-ақ ол сайлау комиссиясының мүдделерін бiлдiру жөніндегі өкілеттiктi тиiстi сенімхат беру арқылы басқа адамдарға беруге құқылы.";

6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесі өзін ұсынған саяси партия қызметін тоқтатқан жағдайда өз міндеттерінен босатылады.";

;