«Еңбек кітапшасының нысанын және Еңбек кітапшаларын жүргізу және
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 231-ө бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Еңбек кітапшасының нысаны; 2) Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау ережесі бекітілсін. 2. Халықты жұмыспен қамту және еңбек пен еңбекті қорғау заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау департаментінің директоры С.С. Әбденов осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне уақытында жіберілуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министр Б.З. Әшитовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өтісімен қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 24 наурыздағы № 75-ө бұйрығымен бекітілген
Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді. 2. Ереже еңбек кітапшаларын жүргізудің және сақтаудың тәртібін айқындайды. 3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілдері) шығаратын (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері) актілер; 2) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұрған заңды немесе жеке тұлға; 3) еңбек кітапшасы - қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат.
2. Еңбек кітапшаларын жүргізудің және сақтаудың тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|