|
|
|
Концессиялық жобаларға қойылатын өлшемдерді бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 Қаулысымен күші жойылды
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған концессиялық жобаларға қойылатын өлшемдер бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 783 қаулысымен Бекітілген
Концессиялық жобаларға қойылатын өлшемдер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сәйкестігі. 2. Концессия шартының қолданылу мерзімі. 3. Концессия объектісін концессия шартында белгіленген техника-экономикалық көрсеткіштерге дейін жеткізу мерзімі. 4. Концессия шартында белгіленген көлемде тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) өндіруді іске асыруды бастау мерзімі. 5. Концессионерлердің қызметін болжанатын мемлекеттік қолдау көлемі мен шарттары. 6. Жаңа технологияларды тарту. 7. Концессия шарты объектісінің техника-экономикалық көрсеткіштері. 8. Концессиялық жобаға тартылатын инвестициялардың көлемі. 9. Концессиялық жобаны іске асыру үдерісінде жұмыспен қамтылудың өсуін ынталандыру. 10. Қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі саласындағы тиісті талаптарды сақтау деңгейі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |