«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 218-III Қазақстан Республикасының Заңы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме! Стоимость документа 300 тенге
Получить полный доступ к документу
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Судебные решения

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін:

1. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; №  11, 55-құжат; 2006 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

427-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Кеден органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді.».

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения
  • Судебные решения

2. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат):

10-1-бап мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:

«23-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;».

;