«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 маусымдағы № 265-III Конституциялық заңы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме! Стоимость документа 300 тенге
Получить полный доступ к документу
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Судебные решения

Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңы
 
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 10, 343-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 4-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Республика Президенті бес жыл мерзімге сайланады.

Бесжылдық өкілеттік мерзімі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатын болады.»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

«Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения
  • Судебные решения

2) 5-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения
  • Судебные решения

3) 9-бапта:

1) тармақша «Парламентке» деген сөзден кейін «және оның Палатасына» деген сөздермен толықтырылсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын тағайындайды. Сенаттың тағайындалатын мүшелері өкілеттіктерінен айырылған немесе олардың өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда бір ай мерзімде шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттарын тағайындайды;»;

6) тармақша «Парламент» деген сөздің алдынан «әдетте,» деген сөзбен толықтырылсын;

7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

;