Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындату мен табыс етудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12 және 41-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындату мен табыс етудің тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін. 2. «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін табыс ету туралы нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу №3607) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 26 сәуірдегі №1/2 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы оны ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы №90/171 қаулысымен бекітілген
Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындату мен табыс етудің тәртібі туралы нұсқаулық
1. Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі (бұдан әрі - есептен шығару куәлігі) қатаң бақылаудағы құжат болып табылады. Есептен шығару куәліктерін дайындату, беру және сақтау үшін тиісті сайлау комиссияларының төрағалары жауапты болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|