|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірлітктері) іссапарға жіберу туралы (2009.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасындағы Астана қаласында нысандар құрылысы жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісім жобасын келісу үшін және «Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 28 - 31 наурыз кезеңіне Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірлітктері) іссапарға жіберілсін. ҚР Үкіметінің 2009.15.05. № 725 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі: Марат Бақытжанұлы Бекетаевты, Мұрат Байсынұлы Байсыновты және Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапановты қоспағанда, Қазақстан Республикасының делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Дубай - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға; Марат Бақытжанұлы Бекетаевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Дубай - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға; Мұрат Байсынұлы Байсыновқа және Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапановқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Дубай - Әбу-Даби - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 421 қаулысына қосымша
Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірліктері) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Бекетаев Марат Бақытжанұлы - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Даленов Руслан Ерболатұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Байсынов Мұрат Байсынұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрайымының орынбасары Қожағапанов Ерлан Тохтарханұлы - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |