Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығы (2020.22.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.19.05. № 311 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын регламенттеуді реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ.Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г. Әбдіқалықова 2009 жылғы 30 қараша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.24.08. № 588 бұйрығымен біліктілік сипаттама жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|