Қазақстан Республикасы Президентінің (2017.20.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2019.18.12. № 220 Жарлығымен 2020 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамытудың тұрақтылығын және тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын. ҚР Президентінің 2011.22.12. № 204 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қоса беріліп отырған: 1) Кеңес туралы ереже; 2) ҚР Президентінің 2014.12.02. № 750 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы маусымның 12-і.
№ 994
Президентінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 994 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады. 2. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Кеңес туралы осы Ережені басшылыққа алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|