Мемлекеттік қызмет туралы (2009.08.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2005.08.07 № 75-III ҚР Заңымен 1- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 1-бап. Негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi - мемлекеттік саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттік органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшi; мемлекеттік лауазым - мемлекеттік органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі; мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшiлердiң мемлекеттік органдардағы мемлекеттік билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөніндегі қызметi; мемлекеттік қызметшi - мемлекеттік органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; лауазымды адам - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүйеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адам Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|