Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы (2011.24.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен iске асырудың құқықтық негіздерiн анықтайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары; 2) жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы; 3) мемлекеттік жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi; 4) жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым - жастар тіршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтiк бейiмдеу, дене тәрбиесi, рухани және имандылық жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар жүйесi; 5) жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер - жастарға медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, олардың әлеуметтiк бейiмделуiне және оңалуына жәрдемдесу жөніндегі ic-шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|