«Дәмін айыру комиссиясының ережесін, дәмін айыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 491 бұйрығы (2012.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме! Стоимость документа 300 тенге
Получить полный доступ к документу
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Дәмін айыру комиссиясының ережесін, дәмін айыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 491 бұйрығы

(2012.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы министрінің м.а. 2016 жылғы 19 ақпандағы № 75 бұйрығымен күші жойылды

 

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Дәмін айыру комиссиясының туралы ереже;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Дәмін айыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның Айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті төрағасының мынадай бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын:

1) «Республикалық дегустациялық комиссия туралы ереже» 1999 жылғы 6 қазандағы № 239 (1999 жылғы 5 қарашадағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 961 тіркелген);

2) «Этил спирті мен алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) дегустациялау Тәртібін бекіту туралы» 1999 жылғы 6 қазандағы № 240 (1999 жылғы 5 қарашадағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 962 тіркелген);

3) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің дәмін айырудың Тәртібін бекіту туралы» 1999 жылғы 6 қазандағы № 240 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 15 мамырдағы № 103 (2002 жылғы 11 маусымдағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1874 тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР ҚМ СК Төрағасының орынбасары А.С. Жұмаділдаевқа жүктелсін.

;