Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 449 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1720 қаулысымен бекітілген
Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) алкоголь өніміне (шарап материалдары мен сыраны қоспағанда) (бұдан әрі - алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларын, сондай-ақ темекі өнімдеріне акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру тәртібін реттейді. 2. Есепке алу-бақылау таңбаларын (бұдан әрі - ЕБТ) алушылар: 1) алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар; 2) алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары; 3) борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде конкурстық және оңалтушы басқарушылар болып табылады. Акциздік таңбаларды алушылар Қазақстан Республикасында темекі өнімдерін өндіру және (немесе) импорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде конкурстық және оңалтушы басқарушылар болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|