Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қазақстан Республикасы Парламентінің 1996 жылғы 20 мамырдағы № 2-І ҚРП Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 6-7, 227-құжат) осы Қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Парламентінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № 4-V ҚРП Қаулысына Қосымша
1) 1-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Парламент сессиясы оның Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi. Парламенттiң бiрiншi сессиясын Қазақстан Республикасының Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей шақырады.»; 2) 2-тармақтың бірінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Парламенттің сессиясын, әдетте, Республика Президенті ашады, ал ол болмаған кезде Мәжіліс Төрағасы ашады.»; 3) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3-тармақ. Парламенттің кезекті сессияларын Мәжіліс Төрағасы шақырады және олар жылына бір рет, қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен бастап маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі. Парламент сессиясының ашылатын күні, уақыты және орны туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылады.»; 4) 4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Егер парламенттік каникул Парламенттің кезектен тыс сессиясы шақырылуына байланысты үзілсе, ол кезектен тыс сессияның жұмысы аяқталғаннан кейін қайта басталып, парламенттік каникул мерзімі біткенге дейін жалғастырылады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|