Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3)тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 33, 419-құжат; № 35, 456-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде: 10-тармақтың 6) тармақшасында «құрайды» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын: «7) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі; 8) өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган құрайды.»; 16-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету.»; 1) тармақшасының 7-10 абзацтары 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдарды «Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалайды.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|